Эссе және өлең-жыр байқауы

Іргетас

  • admin
  • 10.12.2015
  • 0
  • 3
  • 10127
Шежіреміз қию-қию,
Шырғалаң.
Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам.
Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп,
Жер астында шөгіп жатыр бір қалам!
Ерім менің!
Жерім менің шерменде.
Жырта қалсаң,
Жыр шығады көрден де!
Қырық эпос -
Қырық батыр жайында...
Қазақ жазбай,
Біреу жазып берген бе?!
Таусылмайтын парасат бар термемде,
Термешіге дайын тұрар төр менде.
Тылсым дала басқаныкі болған да,
Тегін тастап, Көшіп кете берген бе?!
Опасыздар шыңдығымды жырмалап,
Ойдағыны бойдағыға жүр балап.
Жеткенімді қалай жазсаң олай жаз,
Өткенімді жазба бірақ бұрмалап!
Айналайын, арғысынан кім безген!
Ақиқатқа қарау керек бұл көзбен.
Теріс тарих қажет емес Тұныққа
Теріс түскен сұлбадай бір күмбезден!
Өкінішті
Көп нәрсені кеш білген.
Оқымысты!
Көмек күтпе еш тілден!
Тарих қымбат қандай болса сол күйде,
Тәуір тарих сұрамаймыз ешкімнен!
Сарғайдық қой артын күтіп әліптің,
Сырын неге жасырамыз алыптың?!
Жаман болса жаман болсын,
Жарқыным,
Өз тарихын өзіне бер халықтың!
Әр дәуірдің болады өз шәйірі
Ақ-қараны алатын тез айырып.
Заманынды қайырмасаң қайырма,
"Жаманымды" берсең еді қайырып!
Елімізге керек емес ертегі!
Ертегіні өз балам да шертеді.
Тарих керек!
Іргетасы ол халықтың,
Іргетассыз қаланбайды Ертеңі!

Басқа да өлеңдері

Із түспеген әлі де миым қардай

  • 0
  • 0

Із түспеген әлі де миым қардай.
Көңіл ғана ұйтқиды құйындардай.
Өсейін-ақ деймін-ау,
Өсе алмаймын

Толық

Бұлбұл және оның иесі

  • 0
  • 0

Ту қадап төсіне
Қызарды күншығыс.
Айтты арыз иесіне
Тордағы әнші құс:

Толық

Есеп білмеген Есек

  • 0
  • 1

— Шығар, қарап тұрғанша,
Бір жердегі бір қанша?—
Деп Торы Айғыр берді есеп,
Шығара алмай тұрды Есек.

Толық


Пікірлер (3)

Dayana Kairatova

Өте керемет өлең екен.Кəдімгідей беріліп оқыдым!!!маған ұнады админ.

Бекжан

Жақсы өлең екен.Кәдімгідей үңіліп оқыдым!!!Қадыр Мырза Әлиге рахмет, осындай керемет өлеңді дүниеге әкелгені үшін!

Салтик.kz

Оте оте оте кушты олени, мен осы Кадыр Мырза Алидын олендерын жаттаймын! ойланыздаршы буткыл оленын быр аптанын ышынде, бырак коп олендеры азаздан болиды! Размен оте оте

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...