Өлең, жыр, ақындар

Тілек

  • 29.11.2015
  • 0
  • 17
  • 179901
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.



Пікірлер (17)

Шырын

Керемет.Қандай даналық пен көріпкелділік жатыр.Осы кісілердің сөздерін өмірімізге пайдалана білсек.

Аида

Керемет

Куралай

Осынын бас жагы ктапта бар вообще баска го)

Бектемыр

Керемет. Осындай акындар казыр жоккой шыркын.

Мадина

Керемет өлеңдер

Ернур

Бир туар жыршы гой ширкин!!!

Арсен

мықты керемет

Анар

Керемет !!!

Темірлан

керемет

Айкерім

керемет

Медина

Керемет күшті жазған

Аружан

Керемет

Қарақат

өте керемет, осындай талантты ақындар санаулы - ақ

Бақытжан

Не деген керемет дана шешен создер десеңші

Сабыр

Өте-өте керемет!

Айка

Керемет маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Құбылып тұрған бәйшешек

  • 0
  • 2

Құбылып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Ақиық бүркіт төмендер,
Екі қанат талғанда.

Толық

Жал, құйрығы қаба деп

  • 0
  • 1

Жал, құйрығы қаба деп
Жабыдан айғыр салмаңыз
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз.

Толық

Батырың өтті - Бөгенбай

  • 1
  • 5

Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.

Толық

Қарап көріңіз