Өлең, жыр, ақындар

Отырған қарсы алдымда әдемі қыз

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2869
Отырған қарсы алдымда әдемі қыз,
Мөрлеген ақ қағаздай мәнеріңіз.
Қиғаш қас, оймақ ауыз, нәркес көзді -
Жалғанда жайнап тұрған әдемі жүз.
Сөз болса, қалқам, сізге бізден бұйым,
Бұйымың біздей жанға болмас қиын.
Өзіңдей пұл білерлік болмаса ару,
Жаманның керегі жоқ жалғыз тиын.
Көңілге медеу тұттық елде көріп.
Зауық еттік ойын - күлкі пелде көріп.
Жүргенде қыдырысып ойнап-күліп,
Жылқыдай кеттің, досым, желдеп өріп.
Сұңқылдап бір жар едің ұшқан қаздай,
Сол күнде ләп көтерген айттық назды - ай.
Бел байлап ашықтыққа жүрген едік,
Айдында көл шайқаған дауылпаздай.
Барасың күнім қапы көл шайқаған,
Баянсыз, жалған, сені кім байқаған?!
Дүние сіз кеткенде болар сағым,
Көп жүріс ақбөкендей жер сойқаған.
Жамандық жақсы болмас көнгенменен,
Жақсыға мұрадың ғасыл ергенменен.
Қаражан, көңілдесім, құрметтесім.
Бейшара болдың бірдей өлгенменен.
Үдеріп елім көшті Барқыт құмға,
Қаражан, қайда кеттің, халқың мұнда?
Сен кеттің бір жат елге бауыр басып,
Мен қалдым баулы құстай талпындым да.
Кетіпті бөліп жігін күзгі Табын,
Өксіген айрыларда құлан қағын.
Барасың қолдан кетіп, құрметтесім,
Қош, аман, енді сау тұр, боз қаңбағым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көрінер

  • 0
  • 0

Аққулар көркем көрінер
Айдын шалқар көлдегі.
Құралайдың балдары –
Бұл да көркем көрінер

Толық

Белгісі

  • 0
  • 0

Бұл мәжіліс белгісі –
Жиналып басың құралмақ.
Батырлықтың белгісі –
Жауға шапқан ұрандап.

Толық

Қаражан қызға

  • 0
  • 0

Отырған қарсы алдымда әдемі қыз,
Мөрлеген ақ қағаздай мәнеріңіз.
Қиғаш қас, оймақ ауыз, нәркес көзді –
Жалғанда жайнап тұрған әдемі жүз.

Толық

Қарап көріңіз