Өлең, жыр, ақындар

Тар қамау

  • 24.11.2015
  • 1
  • 4
  • 73510
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
Тағыдай таңдап су ішкен,
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген
Тағы сынды ер едік,
Тағы да келдік тар жерге.
Таңдансаң тағы болар ма
Тәңірің салған бұл іске?!
Ата-енені сөктіріп,
Ат басына соқтырып,
Нәлет десең болмас па
Осынау біздің жүрген жүріске!



Пікірлер (4)

асенов турлыхан

махамбет олендерин 6 жасымнан жаттап келе жатырым және коптеген сайыстардан 1 орын алдым

ОМК

Тар қамаудың мағынасы қандай

Молдир

Эссе жазп бериниздерши Махамбеттин Кара нарга деген оленине

Улмекен

19.09.2017 22:00
Махамбеттин кара нарга оленине эссе жазып беринишши

Пікір қалдырыңыз

Еменнің түбі — сары бал

  • 0
  • 0

Еменнің түбі — сары бал,
Еріскен көңіл — бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал.

Толық

Туған ұлдан не пайда

  • 0
  • 0

Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Әлпештеп қолда өсірген,
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,

Толық

Аспанда ұшқан ақсұңқар

  • 0
  • 0

Аспанда ұшқан ақсұңқар,
Қолымда тұйғын, лашын.
Қосылған жаста арудың
Көре алмай кеттім құлашын.

Толық

Қарап көріңіз