Өлең, жыр, ақындар

Он бес деген жас қайда

  • 21.11.2015
  • 0
  • 15
  • 39723
Он бес деген жас қайда?
Жарға ойнаған лақтай.
Қайда кеттің жиырма бес,
Тастан шыққан бұлақтай?
Жиырма бес бар ма маңайда,
Жайқалған жасыл құрақтай?
Отыз кеттің алыстап,
Толықсыған сынаптай
Отыз бес, неге келмейсің,
Көз іздетіп жылатпай?
Қырық астың кезеңнен,
Суырған қыннан қынатпай.
Қырық бес шықтың кезеңге,
Маң - маң басып бұла аттай.
Елу қондың ауыл үй,
Тізгіндеп ұстап құлақтай.
Алпыс келдің арсаңдап,
Нөсер жауған ылаттай.
Жетпіс қараң көрінді
Тұрсам - дағы ұнатпай.
Сексеннен алған хабардың
Ызғары тұр шыдатпай.
Көргім келмес тоқсанды,
Келіндерге сынатпай.
Жүз, сірә, мені қоймассың,
Қараңғы көрге құлатпай.



Пікірлер (15)

Аружан

Оте керемет

Мөлдір Сайып

Таң қаларлықтай

тараз Нурболат

өте тамаша айтылган

Шакимова гулнур

Журегм сендеп согады

Мик

ТАМАША

Ажар

Д. Бабатайұлы менің ең жақсы ақыным. Оның өлеңдерінің бəрі адамға ерекше бір əсер береді екен. Бұл өлең де бəріне бір əсер қалдырды деп ойлаймын. Өлең маған да ұнады. Сіздерге де ұнады деген ойдамын. Барлығымыз жүзге жетейік адамдар. Тіпті жүзден де асайық.

Альбина

Рахмет! сiзге де соны тiлеймiн

Мира

Өте күшті екен маған ұнады

Мира

Өте керемет екен маған ұнады

Аяла

Яяя өте тамаша

Аяла

Мен сізді жақсы көремін

диана

ұнады

Турлыбек Аружан.

Дулат бабатаи улы менын ен суиыкты акыным.маган онын ( о актан жас актан жас)деген олены унаиды.

Елнур

Дулат Бабатайұлы менің ең сүйікті ақыным маған оның он бес деген жас қайда деген өлеңі ұнайды

Нұрсұлтан

Өте күшті маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Ақжайлау мен Сандықтас

  • 0
  • 9

Атамның қонған қонысы
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын қонысы.
Аққан бұлақ сай-салаң,

Толық

Сүлейменге

  • 0
  • 3

Шаншулы найза ілулі,
Әшекейлі дөдеде.
Айбарлы ақ ордада
Алтын сапты селебе

Толық

Тырнақтай меңі болған соң

  • 0
  • 4

Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,

Толық

Қарап көріңіз