Өлең, жыр, ақындар

Қаптесер мен көртышқан

  • 21.11.2015
  • 0
  • 1
  • 42038
Қаптесер келіп айтты Көртышқанға:
«Бір хабар шашылып тұр жер-жаһанға.
Күн туып біздерге де көз ашқандай,
Жем бопты Мысық залым Арыстанға.
Тыныштық бермеуші еді, Құдай ұрған,
Жазасын тартпасын ба ол дұшпан да?!».
Көртышқан айтты деңіз сонда не деп:
«Бұл хабар, рас болса, жақсы ғой бек.
Дүниеде болмастай бір оқиға екен,
Қуанба, Қаптесерім, сен босқа тек.
Бекер деп, менің бұған нанбайтыным
Мысықты ешкім жеңіп алмайтұғын.
Тырнасса оныменен, шексіз білем
Арыстан аман, тірі қалмайтынын».

* * *
Бұл сөзді біреу ұқпай, біреу ұқты,
Айтайын, не мағына мұнан шықты:
Қорыққанда бір адамнан, жаман ойлар
Дүниеде ешкім жоқ деп сонан мықты.



Пікірлер (1)

А. Айзере

Топп

Пікір қалдырыңыз

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа

  • 0
  • 0

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа,
Той істеп, етін асып, қылып ботқа.
Қалқитып қарақшыдай қуаныш қып,
Жеткені ата-ананың бір мұратқа.

Толық

Кісі мен аю

  • 3
  • 7

Бір Адам айдалада елден жырақ,
Жеке-тақ, жапан түзді қылды тұрақ.
Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой,
Жалғыздық олардан да қиынырақ.

Толық

Екі бөшке

  • 1
  • 5

Көшеде екі Бөшке келе жатты,
Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты.
Ішінде заты бары жай аяңдап,
Салдырлап келе жатыр босы қатты.

Толық

Қарап көріңіз