Өлең, жыр, ақындар

Еңсегей бойлы Ер Есім

  • 12.11.2015
  • 0
  • 34
  • 119259
Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менім кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Меніменен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайындай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды күнім, сізді айымдай.
Сырым саған түзу-ді
Садаққа салған бұлыңдай.
Жұмыскерің мен едім
Сатып алған құлыңдай.
Жүруші едім араңда
Өзіңнің інің менен ұлындай...
Мен, өлсе, құнсыз кетер деме сен
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай!
Тілеуберді құлың мен емес,
Мұның, ханым, жөн емес.
Менің ер екемді көргенсің,
Әуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді қылғансың,
Қайратымды білгенсің.
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға
Сонда бір жайдақ мінгенсің...
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған,
Қаз мойынды ханшаңыз
Қалада тұрып жылаған...
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Қайрылып қайыр қылуға
Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман!
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін,
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін!
Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып, бұйырдың
Басын бер деп батырдың -
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес.
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып, алып кетіпті
Қалмақтан алмақ сыйыңды.
Қаһарыңды басқалы
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиенбет сынды биің-ді.
Малын салып алдына,
Әр саладан құйылды,
Он екі ата Байұлы
Бір Тәңірге сыйынды.



Пікірлер (34)

АЙДАНА

ДҰРЫС ҚЫЗДАР СЕНДЕРГЕ ҚОСЫЛАМ.КІТАПТА ЖОҚ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ БАР

Исатай

Келiсем Айдана

Фируза02

Өте жақсы

Мольдир

Керемет сайт

Хамидолла

Сіздерге үлкен алғыс айтамын рахмет сайттарынызға көп мәлімет бар екен.....

Сабина

Сiздерге рахмет, керегiмдi таптым

Асылхан

оте керемет коп коп рахмет

Асылхан

рахмет

Мадина

Рахмет көп көмегі тиді!!

Бексүлтан

Рахмет

Тулеп Елнұр

Рахмет өзіме керектісін таптым .Керемет сайт екен.

Асель

Барлығы тамаша

Айдана

Барлыгы Тамаша керек заттын бари артык затсыз жазылган

фариза

сиздерге коп коп рахмет.Керегимди таптым

Нуржан

Жиымбет жыраудын Есым ханга сес корсету себеби кандай

Сая

Керемет екен малиметтеримди тауып кана коймай артыгымен жазып алдым коп рахмет

Сая

Жиембеттин есим ханга сес корсету себеби неде екнин тауып бере аласыз дарма отиниш

Айзат

Рахмет

Айдана

Жиембеттын есым ханга сес корсету себебын тауып берыныздерш отынем

Ардақ

Ханың билігі ұнамаған шығар

Аружан

Себебі,Есім хан Жиембет жырауды құл көріп жұмсады.

Əділжан

Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсету себебі неде?

Аяулым

Енсегей бойлы ер есiмдегi коркемдегiш создерди табуга комектесип жiберiндершi

Айнура

рқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін,
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермі



Талдау керек

ерасыл

Осы өлеңге кампазицялық талдау керек еді барма

йувйцкц

бар менде бір жол 20 тг

Отаралы Акбаян

Коп рахмет керек нарсемди тез ари жылдам ала алдым

Зейнеп

Оте керемет

Лаззат

Өте керемет жазылған . Маған бұл жырау ұнады.

Арайлым

Иа өте керемет жазылған

Нарай

Осы жырда коркемдеуиш куралдар кандай

Алина

Алина жиембеттин Есим ханга сес корсету себеби неде? Айтып жибере аламыздар ма?

Гулнар

1627 жылы Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес билік құрғысы кеген Қатағанның ханы Тұрсынның бүлігін басқан Есім ханның қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көрсетеді. Кейін Кіші жүзге сөзі өтіп тұрған Жиембет жырау билігінен сескенген Есім хан, оны інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. Жиембет жырау ханның қаһарынан қайтпаған өр кеуделі адам болған сияқты. Иесіз аралға айдалып бара жатқан Жиембет жырау "Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен, Есіл де менің кеңесім… "-деп Есім ханға айбат шеге, ойындағысын тайсалмай айтып кетеді.

Улбошшш

Керемет жазылған

Пікір қалдырыңыз

Қол-аяғым бұғауда

  • 0
  • 2

Қол-аяғым бұғауда,
Тарылды байтақ кең жерім!
Арманда болып барамын,
Қоштасуға аял жоқ,

Толық

Әмірің қатты Есім хан

  • 2
  • 15

Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың,
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп қанбаққа,

Толық

Әй, қыңыр ер, қыңыр ер

  • 0
  • 4

Әй, қыңыр ер, қыңыр ер
Қыңырайма, біздің ер.
Қыналы бозға мінген ер
Қыз қалмақты құшқан ер

Толық

Қарап көріңіз