Өлең, жыр, ақындар

Алпыс бір мүшел келді мерттей болып

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5343
Алпыс бір мүшем келді мерттей болып,
Өтпедің сол мүшелден серттей болып.
Кешегі дулап жүрген ер Құлеке,
Су тиген, сөне қалдың өрттей болып.
Астынан көк өгіздің тас көтерген,
Арықтаған кісіні ас көтерген.
Туған жанның бәрі де өлмей тұрса.
Бұрынғы үлкен қайда бас көтерген?
Қара тасты астынан су көтерген,
Суға түскен мұнарды бу көтерген.
Туған жанның бәрі де өлмей тұрса,
Бұрынғы батыр қайда ту көтерген?
Құлеке, жиырмада арқар едің,
Отызыңда би, қырқыңда дарқан едің.
Кешегі дулап өткен Құлекенің
Алдынан орыс, қазақ тарқап еді.
Кедейлік, жабыстың ғой бала жаста,
Мені ұятты қылдың ғой қарындасқа.
Аш белімнен құшақтап айрылмайсың,
Көз танысың жоқпа еді менен басқа?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны

  • 0
  • 0

Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірім берген несіптемін.
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,

Толық

Дін туралы

  • 0
  • 0

Мекке менен Медине жолдың ұшы,
Иман таба алар ма барған кісі?
Ата - ананы, мейманды құрметтесең,
Меккеңнен де нұрлы ғой үйдің іші.
Арам жүрсе, жиіркенер сау кісіден,

Толық

Дүние деген шолақ депті

  • 0
  • 3

Дүние деген шолақ депті,
Жан кеудеге қонақ депті.
Ақырет деген бір киім,
Алып қайтар сол-ақ депті.

Толық

Қарап көріңіз