Өлең, жыр, ақындар

Аққу, шортан һәм шаян

  • 28.03.2015
  • 1
  • 22
  • 107400
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
* * *
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.



Пікірлер (22)

ұлжан сабитбек

маған катты ұнады мен оны жаттаймын

Роза Байтурсынова

Керемет магынасы маган унады

Каракат

Рахмет

АЯУлым《♡☆》

Күшті☆☆

Индира

маған ұнады мен жаттаймын

Касиет

Оте керемет тамаша осындай керемет жаналыктакпактарды шыгара беринтщ

Аяулым

Маған қатты ұнады осындаё жаңалықтар көп болсын мен жаттаймын

Гүлсезім

Google өте керемет желі!
Сіздерге рахмет!!!

Тт

Жақсы өте күшті тақпақ

Назерке

Күштті

Аружан

Бұл тақпақ жақсы екен маған көмегі тиді

Ана

Күшті

Кәлима

Бұл тақпақты жаттағанбыз өте жақсы мысал екен маған қатты ұнайды

Дильяра

Рахмет
күшті

Дильяра

Асыл жүк орнынан бір қозғалмады ғой

А.Ш .Н

ұнады

Альфира

Маган катты унады

Бөрте

Рақмет енді бұл өлеңді тезірек жаттаймын

Бөрте

Рақмет көп, сәттілік

КАУСАР

КУШТЫ ЕКЕН

Сабыр

Ахмет Байтұрсынұлының Аққу, шортан һәм шаян өлеңі маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жауап хаттан

  • 1
  • 1

Аманбыз, жезде,
Солай ма сізде?
Амандаспақ — жол, әдет.

Толық

Жарлы бай

  • 1
  • 3

Бір күні Жарлы отырып ойға қалды,
Байларға кейбір сараң көзін салды.
«Ішіп-жеді, рақатын көрмеген соң,
Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды?

Толық

Ақын ініме

  • 2
  • 10

Азырақ құлағын сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын, інім.
«Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!

Толық

Қарап көріңіз