Өлең, жыр, ақындар

Түркістан

  • kz2015
  • 26.06.2015
  • 2
  • 48
  • 211393
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.

Тұранның егі-шексіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!

Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан.

Шөлдер бар, жел де жүрмес, сап-сары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сары құмда салар ойнақ пері мен жын.

Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған егі-шетсіз Теңіз, Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.

Ертеде Оқыс, Яқсарт - Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейітін.

Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.

Балқашты бауырына алған Тарбағатай,
Жоталы, жер кіндігі - Памир, Алтай.
Қазығұрт қасиеті тау болмаса,
Топанда Нұх кемесі тоқтар қалай?

Тұранның жері де жат, елі де жат,
Құйындай бастан кешкен күші де жат!
Тұранды түгелімен билеп тұрған
Ертеде ертегі хан Афрасияб.

Ежелден жер емес ол қарапайым,
Білесің, тарихты ашсаң Тұран жайын.
Тұранға қасиетті құмар болған
Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткенбе?
Кең ақыл, отты қайрат,жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткенбе?!

Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да
Адамның жүрегіне жігер берер.

Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, Төле
Атаға тартып туған бәрі бөрі.
Шыңғыстың қол бастаған екі көзі —
Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе.

Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан найзағайдай.

Тұранды мақтамаймын тіпті текке,
Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке.
Сырласқан үйде отырып аспан-көкпен
Білгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.

Асыл қан - қасиетті түрік қаны,
Сол қаннан — Ибн-Сина Әбуғали.
Молдығы білімнің сиқыр дерлік,
Дүниеге мұндай адам тудыма әлі?

Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз ішекті домбырасын
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!

Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?

Арыстан елге Отан болған Тұран,
Тұранда қазағым да хандық құрған.
Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы
Тұранның талай жерін билеп тұрған.

Әділ хан аз болады Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.

Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны — Абылай ері...

Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме,
Түркістан алты алашқа болған Кебе.
Тұранның топырағын құшып жатыр
Кешегі ердің ері көкжал Кене.

Шер батса — кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқанын ардагері - қалың алаш,
Тұран да, біле білсең, сенің жерің!

Қырағы Тянь-Шань мен Памир, Алтай,
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Кене мен Абылайдың жолын қумай,
Жапанда жайылудың мәні қалай?!

Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі - сол екі су жағасына,
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!



Пікірлер (48)

Курмашова Аяна

тагыда дурыс олендер барма

жанел

керемет

анна

Тамаша

мусенова арайлым

тамаша жазылган керемет

Рауле

Өте керемет өлең маған қатты ұнайтын өлеңдердің бірі.Рахмет

Рауле

Дұрыс өлең барма

Ақбөпе

Сайтта өлең көп екен! Іздегеннің бәрін табуға болады!

Азамат Оразалы

керемет олен

Жарқынай

Керемет маған ұнайды

Сара

мыктыы Туркестан унадыы

Айсулу

Катты унады

Асылхан

шынында да керемет жазылган журекты толкытып тамаша сезимге болеиды екен.

айжан картбай

Катты унады

Түркістан деген тамаша жер ғой шіркін. Өте адеми ж

Күлдей күңгірт шашы бар, Тоқсан бесте жасы бар, Көз дегенің – сұп-сұр көр. Тасбиқ санап бүгіліп, Жерге қарап үңіліп, Көрше ауыр күрсінер, Менің бір қарт анам бар, Неге екенін білмеймін – Сол анамды сүйемін! Көзінде көк нұры жоқ, Аузында жұмақ жыры жоқ, Жалынсыз, усыз құшағы, Иірілмейді жыландай, Сөзі де жоқ құрандай, Білгені – қазан-ошағы. Жабайы ғана жарым бар, Неге екенін білмеймін – Сол жарымды сүйемін! Ұйқы басқан қабағын, Бастыра киген тымағын, Жалқаулықты жар көрген. Жүрген ескі заңымен, Алдындағы малымен, Бірге жусап, бірге өрген, Алаш деген елім бар, Неге екенін білмеймін – Сол елімді сүйемін! Сағымы сайран құрады, Бораны ұлып тұрады, Қыс – ақ кебін, жаз – сары. Орманы жоқ, шуы жоқ, Тауы да жоқ, суы жоқ, Мәңгі өлік сахарасы. Сарыарқа деген жерім бар, Неге екенін білмеймін – Сол Арқамды сүйеміТүркістан деген тамаша жер ғой шіркін. Өте адеми жазылған
© www.ZHARAR.com

Иманғали

керемет

Антон

мынаны калай жаттауга болады??? =(

Сарсембай Сакен

Өте керемет

Салтанат

Керемет

ая

өте керемет !!! маған қатты ұнады

Адина

Керемет

Ақнұр

Тамаша

Аружан

Күшті жазылған

Акнұр

өте жақсы

Айка

Манды магыналы

Арысбек Еркебулан

1 шумагын жаттап алдым рахмит билим.алл.кз сайты

Каңғыбас ЖИКО

ТАМАША

Ералиев Сырым

Зын зын

Абубакир Гүлім

Өте керемет

Алмаз Апсейт

Магжан Жумабаев оте керемет акын! Магжанды шыгыстын Пушкини деп Пушкинге тенеген,шынында Магжан Пушкиннен де мыкты акын болган...

Нұрай

Сіз кереметсіз

Айгулиев Отежан

Жаксы. Асыресе тортыншы шумагы катты унады

Айгулиев Отежан

Баска да олендеры бар ма

Инабат

Айгулиев Отежан, көөөп

Нұрсұлтан Назарбаев

Өте күшті өлендер

Н.Ә.Назарбаев

Күшті өлеңдер

тимур

жақсы

Myrza

Өте керемет

Нурай

Керемет өлеңдер

Нұрдана

Керемет өлең

Myrza

Өте керемет!

Аружан

Өте жақсы күштіф

конор

жаксы

конор

жаксы жазылган

Айтолқын

Керемет

Болат

Мағжан Жұмабаевтың Түркістан атты өлеңі ұнады

Бекзат

Түркістан— ер түріктің бесігі ғой!!!

Талғат Жакенов

Өте керемет.

Талғат

қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Тірілдім

  • 0
  • 0

Сансыз күндер ой астына көмілдім,
Қор болып ем көңілін таппай көңілдің.
Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем,
Өліп едім, бүгін тағы тірілдім.

Толық

Жәй әншейін ойын ғой

  • 1
  • 8

Айт! Құйт! Ха, ха, ха-ау!
Петербор, Мәскеу...
Иванов қалқам,
Мәссаған Арқам!..

Толық

Р...ға

  • 1
  • 2

Сенсің досым, жібек мінез Жібегім,
Сені ғана сүйем - куә жүрегім.
Суық жолдан сақтайтын сен - періштем,
Сен болмасаң, азып-тозып өлемін.

Толық

Қарап көріңіз