Өлең, жыр, ақындар

Қырдағы қыс

Түнімен долы дауыл құрыстаған
секілді арыстандай жыны ұстаған.
Жамылып ақ көрпесін енді ғана
маужырап байтақ дала тыныстаған.

Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ,
Іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ.
Мәз болып жас баладай, айналаға
қарайды әр бұтадан күн жылтырап.



Пікірлер (3)

Аяна

Өлеңдері өте мәнді түбін де бір жұмбақ жатқан сияқты өте керемет айтарға сөз жоқ!!!

Аяулым

Маган Кырдагы кыс атты олены катты унайды

Гаухар

Ма
ған Қырдас қыс атты өлені қатты ұнайды

Пікір қалдырыңыз

Кей ісің ойға салар мұң

  • 0
  • 0

Кей ісің ойға салар мұң,
өткенді шолсаң сағына.
Жақсылық жасау – адамның
нәр берер кейін жанына.

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 1

Қыз Жібектің соңғы сөзі
Қайран дүние, кең едің маған,
сен неге бүгін тар болдың?
Қасірет шегіп, кешегі мөлдір күлкіме де мен

Толық

Өзімен сын

  • 0
  • 0

Кестелеп көкірегімнен шырайлы өлең,
сырласып жүрмеймін бе Күн, Айменен.
Қазақтың бар салмағы маған ғана
түскендей болып неге жылай берем?

Толық

Қарап көріңіз