Өлең, жыр, ақындар

Қыз сыры

Жігіттердің жүрегін
Ұрлай бергім келмейді.
Сүйдім деген тілегін
Тыңдай бергім келмейді.

Кез келгенін ғашық қып,
Әлек еткім келмейді.
Аз күндік жай машық қып
және де өткім келмейді.

Алғашқы арман-тілекті
Шетке ысырғым келмейді.
Бірді сүйген жүректі
Көпке ұсынғым келмейді.



Пікірлер (8)

жаннұр мусаева

Оте жаксы

Назлы Абдрахманова

ИнШаАлЛах ♥ ♥
оте керемет

Сраил Ербатыр

Оте керемет жазылган олен

Алима Топская

Жақсы сайт. Рахмет

Серия Айдана

Керемет жазылган

елдана

Өте керемет

Фариза

жан дунйемди тебирентти

Нурислам

кушти екен

Пікір қалдырыңыз

Жалбарыну

  • 0
  • 0

Билік деген – арыстан, мысық – пенде,
пысқырмайды шәуілдек күшіктерге.
Билік дерті қатерлі, жұқпалы әрі,
қауіптірек жазылмас ісіктен де.

Толық

Қоңыраулатып көктемдер келді маған

  • 0
  • 1

Қоңыраулатып көктемдер келді маған:
айналғандай бақтарға желді далам.
Бұл күйімді кешті ме, кешірер ме
осы күнгі, бұрынғы, ендігі адам?!

Толық

Сүйіскенге дейін

  • 0
  • 0

Қолым тиіп, жас денең
дір етті – күш бұл қандай?!
Шымырлады тас төбем,
денемді ток ұрғандай.

Толық

Қарап көріңіз