Өлең, жыр, ақындар

Қасымды қабылдамаған адам хақында

Кез болатын наурыз айы сән құрған,
Дала жатты есі шығып жаңбырдан.
Сол далада... жол үстінде бұралаң
Жасы алпыстың әуізіне құлаған
Машинаға қол көтерді бір адам.

Қиял құсы қалықтап,
Шат сезімі шарықтап өңіндегі
Жүргізуші ерекше көңілді еді.
- Көрші ауданға жеткізсең, ұлым, мені,
Шексіз алғыс айтар ем күні ілгері, -
Деп жолаушы қулана күлімдеді.

- Жырақ әрі шет екен қонысыңыз,
Сізге кінә тақпайық ол үшін біз. –
Жүргізуші күлімдеп есік ашты:
- Қартты сыйлау - қашанғы борышымыз.

Ұзақ жүрдік.
Жол шеті көрінбейді,
Керім дала қасарып берілмейді.
Сыр тартыспақ болсақ та одан-бұдан,
Әңгімеміз шашырап өрілмейді.

Дәрігердей іздеген жүрек емін,
Кенет жерден тапқандай тілегенін.
Жүргізуші көзінен от ұшқындап
Жатка соқты Қасымның бір өлеңін.

Лезде дәмді аузының тұзы құрып:
- Ә, Қасым ба, - деді шал тыжырынып,
Менсінбеген кейіппен маңғазданып,
Маңғазданып орнынан паң қозғалып. -
- Бізден де жұрт кезінде арай көрген,
Қарсы алып ек, дүние-ай, талайды өрден,

Мен бастық боп тұрғанда осы ақының
Пәтер сұрап алдыма талай келген.
Тіпті жиі соғатын дамылдамай,
Қайтарушы ем көбіне қабылдамай...

- Әуре еттім деп Қасымды әні нардай
Мақтанасыз ақыңыз әлі бардай.
Қане, жылдам түсіңіз машинадан, —
Деді жігіт ызадан жарылардай. —

Ең айбарлы ақынды жаны көктем,
Албырт, алау таңдарға әні кеткен,
Ең айдарлы ақынды,
Ең айбарлы ақынды,
Халық сүйген ақынды,
Туған халқын жанып сүйген ақынды,
Туған елдің гүлі болған,
Заманының үні болған ақынды,
Мұқаттым деп мақтануға,
Мұқаттым деп шаттануға бола ма?
Сондай есер сезіміңіз үшін мен
Қазір сізді тастап кетем далаға,
Тез түсіңіз тимей тұрып кесірім! –
Жүргізуші қатты жапты машинаның есігін.
Төбелер көп өмірде, ал биіктер санаулы,

Ұнатады ел сондықтан биікке көп қарауды.
Шымшықтар көп өмірде, ал сұңқарлар санаулы,
Санаулы олар, сондықтан жалпы жұртқа қалаулы,
Жылдар түмен зейнетін артқанымен қаншалық,
Қалаулысын қайда да қорғайды жұрт жан салып.
Туған өлке бағы үшін өссін, жансын, гүлдесін,
Қарсы қойма оларға мансабыңның мінбесін.
Келер албырт ұрпақтың жігіттері сені де
Орта жолға жеткенде тастап кетіп жүрмесін!



Пікірлер (3)

Алау

Мұхтар аға қазақтардың маңдайына жазылған 1000 -жылда туылатын бірегей, дара тұлга . Қазақта мақал бар , əкімді көргенде сыйлайды , ақынды өлгенде сыйлайды деген .Осындай ағаларға басымды ием !

Айдар

Керемет, бізге және біздің ұрпақтарға өнеге болатын жырлар

Сая

Жақсы рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Еркектерге көзқарас немесе әйелге сирек жолығатын бақ

  • 1
  • 3

Отырарда бір қадірлі қарияның қанатты
Тұлпар тектес аты бопты сүйсінткен бар алапты.
Мінезі сәл жайсыз екен шодыр бала іспетті, -
Шаршап-талып шөлдесе де арықтан су ішпепті.

Толық

Достық өлкесінің заңы

  • 2
  • 74

Алдымызда қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын досымды

Толық

Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы

  • 0
  • 5

Жаһандану рухсыздығы өз жeңісін тoйлауда.
Сoдан қазір қаншама адам бeйім былай oйлауға:
"Мeн қай тілдe eркін сөйлeп, oқи алам, жаза алам,
Білім, жұмыс, нан таба алам, сoл тіл - мeнің өз анам".

Толық

Қарап көріңіз