Өлең, жыр, ақындар

Құстар қайтып барады

  • kz2015
  • 27.05.2015
  • 2
  • 21
  • 153330
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.

Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал, адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай қалады.

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,
Тамаша әнмен келіп еді көктемде.
Өскен жерге сыймай кетіп барады,
Өскен жерін қимай кетіп барады.



Пікірлер (21)

Дилраъно.

Құстар қайтип баради.
Өте жақсі . Өмирде мəні өзгеше.
Рахмет.

Алина

Мен осы әнді жаксы көремін

Гулназ

Маган да осы Олег унайды,бирак Маган осы кисинин олендеринин барлыгы керек

Ардақ

Автордың суретін немесе аты-жөнін бассаң біраз өлеңі шығады

Арай

Олен жаксы шыкан . Маган унады

Гүлжамила

ескі əуендер,есті əуендер ғой шіркін!!

Асқар

Біздің жас кезіміздегі айтатын өлеңдер

Бану

Мағынасы терең олең оқысаң оқығың келе береді

Аида

Өте әдемі ән

Замира

Осы оленди мектепте айтушы едик,окып бираз жылап алдым

Меру

Өте күшті сабаққа керек еді енді жақсы көрем

Алия

оте керемет ан ерекше жаксы коретин аним "Кустар кайтып барады "

назерке

əлиянаның нөм қандай?

Айнур

Балалық шағымның әндері еді өте керемет сағындым балалығым

Шаттық Ханатова

Өте жаксы шыққан екен.Тамаша

Шаттық Ханатова

Мықты ☝❤

Алтынай ханская

Өте өте керемет əн .Менің ең сүйікті халық əнім????

...

Керемет!

Гулжан Алимбаева

Терең мағыналы,мектепте ән сабағында беріліп айтушы едік.Керемет

С

Осы ән менің ұзату тойымда айтыдып еді, сол үшін бұл ән мен үшін ыстық. Туған жерімнен алыс жерге тұрмысқа шықтым, өзімді сол құс секілді өскен жерімді қимай кеткенмін

Нұлан

Тұманбай Молдағалиевтың Құстар қайтып барады өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жүрек сыры

  • 0
  • 0

Қара көзің, қара шашың төгілген
Қара көзің не жылаған, не күлген
Толғап өтті менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен

Толық

Досым Жанысбекке ескерткіш

  • 0
  • 0

Кетіп қапсың, Жанысбек, жылды күтпей,
Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей.
Жазды күнгі теңіздей толқып, шалқып,
Өмір кешіп жүруші ең бір жігіттей.

Толық

Өмір маған...

  • 1
  • 14

Өмір маған кейде тау сияқты,
Шыңына шыққым келеді.
Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді.

Толық

Қарап көріңіз