Өлең, жыр, ақындар

Ғазизаның аузынан

  • Bain
  • 23.05.2015
  • 1
  • 0
  • 39581
(Жадыраған жазғы шілденің ыстық күнінде суға түсіп ойнауға келе жатқан бір топ қыз - келіншектердің ортасында Ғазиза атты бір оқыған арманды қыздың әдемі әнмен шырқап айтып келе жатқандағы өлеңдері).

I
Ғазиза - менің атым, затым әйел,
Алла алса, арманым жоқ жанымды аяр.
Ел надан, еңбек білер ешкімім жоқ,
Мұң айтып, наз шаға алмай, өсек жаяр.
Тең тауып, құрбы сүйіп күлмеген соң,
Кеміріп жеп арман - қайғы көңілімді аяр.
Мақсаты ата - ананың мал қармауды,
Солардың көңілі үшін өмір азаяр.
Итке де, құсқа дағы қосақтайды,
Айрандық қойы болса тойға сояр.
Не жынды, не тырақы, яки кемтар
Болса да күйеу жағын сөзсіз қояр.
Орнықпас өз басында осы уақытым,
Әжім бет әлсіздікке жол қисаяр.
Шын сүйіп, өзіме жар іздеп таппай,
Осы жерде нем бар менің осынша аяр?!.

II
Шілденің шілдер ыстық мынау күні,
Желбіреп жер бетінің жеміс гүлі.
Су тұнық, топырақ ыстық, сазы салқын,
Жайқалып, жапырақты ағаш тұрған түрі.
Қамысты қалың тоғай, қоғалы көл,
Шулаған неше түрлі құстың үні.
Құттықтап осы уақты суға ойнауға,
Келеміз қуанышпен біз де міні.
Ал қыздар! Бұл күйде бұл тұрмақ емес,
Шілде өтер, қазан соғар күзді күні.
Айрылып ағаш пен шөп жапырақтан,
Сүзектен тұрған жандай болар сұры.
Дәл сондай қыздар біздің осы мезгіл,
Жас өтпей, жарыңды тап деймін шыны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көтеріліс

  • 0
  • 2

Қабат үйлі, қалың қала,
Қалың кісі, қатын - бала.
Өне бойы қызыл ала,
Басы - көзі жара - жара.

Толық

Біздің жазда

  • 1
  • 4

Бозторғай шырлап, жаз құсын жырлап,
Үйрек сытырлап, қаз пырлап,
Түйе боздап, қой қоздап,
Жылқы азынап, жел маздап,

Толық

Фатимаға

  • 0
  • 0

Бұл — жүрегім жыры ғой,
Бұл — жүрегім сыры ғой,
Мұны оқыма, өтінішім:
Бұл жазылған мен үшін.

Толық

Қарап көріңіз