Өлең, жыр, ақындар

Ақсуат

Көріп жүрген далаңыз — Ақсуаттың даласы,
Көріп жүрген ауаңыз — Ақсуаттың ауасы.
Көріп жүрген таңыңыз — Ақсуаттың таңы да,
Көріп жүрген шаңыңыз — Ақсуаттың шаңы да.

Алайда мен таң қалдым, Ақсуатқа бардым да,
Не керемет! Білмеймін, бір керемет бар мұнда
Жігітінің көңілі - мөлдіреген ақ суат,
Жырдың атын суардым сол суаттан жақсылап.

Қыздарының қалжыңы — қиып түсер ақ алмас,
Ақ алмастың алдында жігіт айла таба алмас.
Қарттарының құшағы — көктемдегі күншуақ,
Сол шуаққа қызынбай ақын қалай тыншымақ?!

Шеттерінен атымтай көп беретін, аз алып,
Жүздер толған жылылық, көздер толған тазалық.
Шеттерінен бәрі ақын, әдеп сақтап әрең жүр,
Саусақ толған өнер де, көмей толған өлең-жыр.

Тауларымен бастырып қойған кілем-жазықты
Білек толған күш-қуат, құшақ толған нәзіктік.
Кірер жолы жалпақ та, шығар жолы жіңішке,
Ақсуаттың қонағы мас болады түк ішпей.

Таусылмайды бұл жерде сый түні мен сый күні,
Ақсуаттың қонағы білмеу керек ұйқыны.
Ақсуаттың қонағы—баласы да, қарты да,—
Аттанады амалсыз, қарай-қарай артына!
Сенбегендер сөзіме барып көрсін, байқасын!

Тумасаң да бұл жерде.
Перзенті боп қайтасың.
Менің жұртым осындай деп мақтанып айтасың,
Өз еліңе он есе жақын болып қайтасың.
Тарбағатай тауының еске сақтап әр тасын,
Түк алмай-ақ туысқа қарыздар боп қайтасың!



Пікірлер (6)

Асем-ай

Керемет өлең екен!

Саюра

Өтте жақсф

Сағыныш

Шығысымның жері ғой. Әке шешем туған жер!

Ерғали

Өте тамаша!!!

Қайрат

Күйеу бала едім, Ақсуатқа.
Әр сөздеріңізге жан дүниеммен қосыламын.
Әзілхан Байхадамов, Жағыпар Құлмағанбетов, Серік Апрымов т.б. алтын жігіттерді білесіздер ме???

Болатханова Жулдыз

Мен Аксуаттан болам. Туып оскен жерим. Акын агама осындай олен жолдарын шыгарганына мын алгыс.Байкадамовтарды естигем

Пікір қалдырыңыз

Асан мен Хасан

  • 0
  • 0

Білген адам Асанды,
Білген адам Хасанды
Екеуінің достығын
Дей алмайды жасанды.

Толық

Бір иықта періште

  • 0
  • 1

Бір иықта періште,
Бір иықта сайтаным:
Ақиқатын, немесе,
Өтірігін айтамын.

Толық

Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап

  • 0
  • 0

Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап,
Сарғаяды сүмбіледе жыршы бақ.
Өмір деген— бірде көктем, бірде қыс,
Өмір деген — бір көлеңке, бір шуақ.

Толық

Қарап көріңіз