Өлең, жыр, ақындар

Айныман

Айтса-дағы айныман
Көлденеңнің сөзіне.
Әшкере болған ісім бар
Жайылған жұрттың көбіне.
Кеткенім жоқ олжа үшін,
Кетіп едім елімнен
Атаңа нәлет Жәңгірдің
Қан жылатқан заңы үшін.
Баданамды баса бөктеріп,
Қасыма жаттан жолдас ертіп,
Күн-түн қатып жүргенім -
Ана Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшін.



Пікірлер (3)

Нурдаулет

Керемет жазымсиз

Разам

Сайтты үлкейте алатын қылуларыңызды сұраймын

Дархан

Кез келген телефонда бар емес па үлкейтетін

Пікір қалдырыңыз

Еменнің түбі — сары бал

  • 0
  • 0

Еменнің түбі — сары бал,
Еріскен көңіл — бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал.

Толық

Қылыштай қиғыр алмас ем

  • 0
  • 0

Қылыштай қиғыр алмас ем,
Шарға шауып мұқалдым.
Суаруы қанық көк сүңгі ем,
Сұғуын таппай тот алдым.

Толық

Жабығу

  • 0
  • 4

Күн жадына қарасам,
Жеддінің оны - құралай.
Аспаннан борап қар жауып,
Аштырмайды көзімді,

Толық

Қарап көріңіз