Өлең, жыр, ақындар

Ақын ініме

  • 23.03.2015
  • 2
  • 10
  • 53193
Азырақ құлағын сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын, інім.
«Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!

«Өзімді ағаңмын»,— деп үлкейтемін,
Онымды көремісің мақұл, інім.
Адасқан ағаңыздың жері болса,
Тілеймін ете гөр деп ғапу, інім.

Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың,
Күресте кім кетпейді ғапыл, інім.
Ат қойған аз-көбіне қарамастан,
Ақылға біздер жарлы пақыр, інім.

Доңыздай талғамай жеп семіргендер,
Саналып ақылдыға жатыр, інім.
Сүйікті милләтіңе болам десең,
Нашардың көбірек же хақын, інім.

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,
Айғырсып момындарға ақыр, інім.
Білімді ел ішінде болам десең,
Шешенсіп, жоқты сөйлеп лапыр, інім.

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,
Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім.
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,
Ет асып табақ-табақ шақыр, інім.

Аузымен орақ орып, бәрін де етер,
Қымызды шара-шара сапыр, інім.
Етпенен қымыз беріп сөйлеп көрсең,
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім,
Ақылың Аплатондай болса-дағы,
Қымыз бен еті жоқ құр татыр, білім.



Пікірлер (10)

Алмат

керемет маган унады

Газиз

Кімге арналған өлең екен

алихан

бұл өлең өте әдемі сол себептен мен бұл өлеңді сабаққа алдым

Бұл өлең маған ұнайды.Жан түршігелік

Ақжүніс

Ерке Есмахан

Өте әдемі ән

дастан

Жаксы шыккан

Еларыс

өте керемет өлең екен. Маған ұнады.

Қайрат Нұртас

Мен бұл өленді өз репертуарыма алсам қалай болады ?

Әбдіжаппар әлқожа

Қой э Қайрат мен өз репертуарыма осып алам

Myrza

керемет жанды алады

Пікір қалдырыңыз

Сары шымшық

  • 1
  • 1

Мақтанып сары Шымшық шалқып-тасты,
«Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты.
У-шу боп, бұл хабарды естіген соң,
Теңізді тастап, құстар үркіп қашты.

Толық

Бұлбұл мен есек

  • 1
  • 13

Бір күні бұлбұл құсты есек көрді,
Қасына сөз айтпаққа жақын келді:
«Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды,
Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. -

Толық

Балықшы мен балық

  • 1
  • 3

Теңіздің жағасында кемпір мен шал,
Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл.
Күн көрген бишаралар балық аулап,
Болмапты төрт түліктен ырымға мал.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар