Өлең, жыр, ақындар

Қайырлы таң

Ежелгі бабам айтқан қайырлы таң!
Әрбір үйге күлімдеп шуақ шашқан,
Ерте тұрған еркектің ырысы артық
Осы сөзді мінеки дана айтқан!

Қайырмасы:
Қайырлы таң өзің ғой ел ертеңі
Қайтер еді өзіңсіз жердің жүзі
Сен мәңгілік ағарып ата берші
Елің жүрсін шомылып шуағыңда
Атып келеді әнекей Қайырлы таң,
Қайырлы таң!

Қайырлы таң жадырап ата берсін
Бал-бөбектер қапысыз ойнап күлсін
Көре алмаған елімнің жауы болса,
Қызғаныштан тырысып іші күйсін

Қ/сы

Қазағымның ашық болсын атар таңы
Жаратқан ием жар болып қолдай көрсін
Көктей бер деп қазақтың әрбір үйін
Амандықпен ата бер қайырлы таң

Қ/сы

Арамызда береке құтаймасын
Бәрі қазақ баласы осыны ұқсын
Ақ ниетті данышпан қариялар
Аллаһу Акбар деп батасын бере берсін!

Авторы: Қуанбайұлы Еркінбек



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек. Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар