Өлең, жыр, ақындар

60 жасқа тілек

  • 17.10.2019
  • 0
  • 0
  • 5413
Бұл да заң;
Біреу берер, біреу алар,
Қолтықтан біреу демеп, біреу шалар.
Бұртима: «Өлеңіңді қайтемін?» - деп,
Гүл семер,
Шапан тозар,
Өлең қалар.

Байлығын шашар байдың салты сұмдық,
Ала көр ағайынның шалқысын құп....
Жетсем деп мыңдар жылап, жетпей кеткен,
Бойыңа болсын мына алпысың құт!

Мәз халық тойға билеп, биші келсе,
Назданып, күйін шертіп күйші келсе.
Қалтасын қампитуға асығады ел,
Бір әнші екі әнін шырқап берсе.....

Тойыңа шашу етіп шаштым өлең,
Онымен абыройым асты демен...
Сыйлығы осы ма деп, сылп етті ерін...
Құдай-ау, жыр қадірі қашты неден?

Қайғырып, қиналмасын қапа мұңдар,
Жыр сүйер, құрметтер жұрт атаныңдар.
Тозбайтын, сембейтін де жырым осы,
Берер гүлі, кигізетін шапаным бар.

Бұл да заң;
Біреу берер, біреу алар,
Қолтықтан біреу демеп, біреу шалар.
Бұртима: «Өлеңіңді қайтемін» - деп,
Гүл семер,
Шапан тозар,
Өлең қалар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

  • 0
  • 2

Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...

Толық

Қарап көріңіз