Өлең, жыр, ақындар

Күзгі беталыс

Осы күзден көңілде қала ма шық?
Жағаласып..
Мұң мен бақыт кетті ғой араласып.
Осы жылдың ең соңғы күзінде бір,
Ең соңғы рет қал, көкем ал адасып!

Ең соңғы рет көлеңкем ал адасып
Қара басып..
Кетсем бе екен жырымды ала қашып?
Ынтызар боп бір күзге, бір басылған
Шала ғашық болдым-ау шала ғашық!

Көңілімде мың күдік жоқ аса да
Жоласа да..
Күліп қоям сары күз бола сала..!
Айға қарап ұйқысыз отырмын мен
Айтып беріп сырымды оңашаға..

Осы күзбен қала ма арада шық?
Бағана шыт..
Көңілің шыққа оранған қала, лашық!
Тірілерден біздердің о, Поэзия
Алыстамай тұрса ғой арақашық..

Гүлнұр Қоқан
#ГүлденПоэзия
#тағыкүз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар