Өлең, жыр, ақындар

Нұр-Сұлтан -менің астанам!

Алматыдан көшіріп бас қаланы,
Елбасы таңдап алды Сарыарқаны.
Есілдің жағасынан бой көтертіп,
Аз уақытта салып шықты Астананы.

Бүгінде Астанамыз-бас қаламыз,
Біз онымен шетелдерге мақтанамыз.
Көк аспанмен таласып ғимараттар,
Күннен күнге гүлденер Астанамыз.

Тоқаевтың шешімімен ел ордасын,
"Нұр-Сұлтан" деп атайды менің халқым,
Асқақтай берсін мәңгі биік атың,
Әлем сүйіп,ұрпағың қызығатын!

Нұр-Сұлтан -әсем қалам!
Биік қалам!
Ән арнап, жыр да жазам
Мен де саған.
Елімнің жүрегінен орын алған,
Нұр-сұлтан -менің мәңгі сұлу қалам!



Пікірлер (2)

Модератор

Сайысқа қосу: bilim2019

Дастан

Менің астанам АСТАНА

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз