Өлең, жыр, ақындар

Жұмақта көргім келеді!

Өмірді мынау сүргісі келер бекер кім?
Жетерсің сен де межеге мен де жетермін
Жараспай мінез,келіспей пікір қалса да
Бауырым саған жақсылық тілеп кетермін

Өзіндік сана,тәуелсіз ойлар көтердім
Жалыны шарпып жанымды қанша от елдің
Келіспей қалған шағымда жау көрсең де
Жалғаннан мынау досым деп мен де өтермін

Ашуланба!Туғызба сөздің дауылын
Жер көтерер тисе де мейлі жауырын
Тіліңнің жүзі қанша рет тілсе жүректі
Сонша рет сені дұғама қостым бауырым

Иманды жанға ақылдың болмас керегі
Аппақ ниетпен көктесін көңіл терегі
Қысқа ғұмырда келіспей біздер өтсек те
Бауырым сені жұмақта көргім келеді... (С) Абзал Алтый



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз