Өлең, жыр, ақындар

Жолым болмайды неге менің

Жолым болмайды неге менің,
Жаны жоқ мына қуыс кеудемнің.
Алысам деп жалған дүниемен
Таусылып бітті іштегі демім.

Зауқым болмай жүр еш нәрсеге,
Өмір сүргім келмейді кейде.
Сірә уақытым келген шығар,
Лүпілі әлсіз құрғыр жүректің де.

Жолымды болдырмадың неге құдай,
Неге жылата бересің мені ұдай.
Қандай қателік жібердім мен,
Жанарда бітті жас та жылай – жылай.

Қателігім өмірге келгенімде ме?
Бұл фәниде аяқ басып жүргенімде ме?
Әлде жыр әлемін жаннан артық,
Сүйіп, сол үшін күйгенімде ме?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер