Өлең, жыр, ақындар

Мүмкін емес

Болмауы жақсы ананың мүмкін емес
Әлемде ештеңе жоқ оған теңес
Жаратқан сені өмірге жалғыз өзі
Екі адам сені туу мүмкін емес

Болмауы жақсы әкенің мүмкін емес
"Әке" деген алауың мәңгі сөнбес
"Әке" есімін биікке көтере біл
Өз туған әкеңе, ешкім жетпес

Туғаныңды жақсы көрмеу мүмкін емес
"Жанымды берем" десең мүмкін сенбес
Ата-анаңның жанары көздерінде
Оларды шын сағынбау мүмкін емес

Болмауы адал достың мүмкін емес
Сырыңды сол біледі ешкім білмес
Өзгеге шешіліп айтпасаң да
Адал достан жасыру мүмкін емес

Бір қалыпты күй кешу мүмкін емес
Сан-қилы ойлар келіп маза бермес
Еш қателік жасамай бұл өмірде
Өкінбей өттім деуің мүмкін емес



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз