Эссе және өлең-жыр байқауы

Диалог

Сағынбайтын болыпсыз сағынбайтын
Жоғаламба бір күні сағымдай тым
Күн келеме сені ойлап айлы түнде
Сағыныштың көрпесін жамылмайтын.

Іздемейсіз мен дағы ала көңіл
Үмітпенен зымырап барады өмір
Ақ парақты шимаймен шиырлаймын
Өлең жазам кештерде саған не бір

Жүрегімде мұң аунап ,түн түнеді,
Жанарыма тамшы жас іркіледі
Білесің бе сағымдай ғайып болсам
Таппайсың ау ғаламнан бір күн мені.

Жер бетінен безініп аспан құшып,
Жанарымнан әр тамған мақпалды ішіп.
Ай мен күнге кезекпен мұңымды айтам.
Мен деп ойла жұлдызды аққан түсіп!
Автор. Ә. Т
*****

Сағынбайсыз дейсің ау, сағынамын,
Сағыныштан ұялап жаныма мұң.
Айлы түнде көз ілмей, арлы үмітпен,
Тізбегіне құстардың тағыламын.

Сені іздеймін күндерден, сағаттардан,
Қолыңды ұстап қысқанмын,
Қанатты арман...
Таң атқанда бозала, үміт құшып,
Сыйлап сәуле, жылуын тағаттанғам.

Мені ойлап жүрмісің? Мұң аунатып,
Ызғарынан тағдырдың қырау қатып.
Мен жүрмінғой құса боп, айтшы сенде,
Емес шығар біздерге жылау бақыт??

Бұл сезімді жүрейік бал қып ішіп,
Байлаулы бұл,
бұлаулы,
жанды ұғысып.
Қол ұстасып кетейік сар далада,
Бірімізді ойлаумен, сағынысып!
Автор. Е.Нұрбек

Басқа да өлеңдері

Өмір

  • 0
  • 0

Бұл бес күнге Өмір деп аталатын,
Келмегені адамдар мінсіз болып.
Жастық жалын өшеді оталатын,
Көктемгі гүл қалады үнсіз солып...

Толық

Қобда өзен

  • 1
  • 0

Қобда өзен ғасырлардың куәсі,
Күміс шықтар көк майсаға сән берген.
Тарихты өткен..
Білгің келсе сұрашы,

Толық

Аңсау

  • 1
  • 0

Әппақ қар боп кеш жаусада үмітім,
Келмейді рас тәңірімді тілдегім.
Елесіңмен бірге болып күні түн,
Ағытыппын көйлегіңнің ілгегін.

Толық


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...