Эссе және өлең-жыр байқауы

Махаббат теңеуі!!!

Ей, махаббат қатал едің өзің неткен,
Оқығанда өзің жайлы жан тербіткен.
Ей, махаббат, уың неткен ащы еді,
Ащы уыңды ғашықтарға жыр қып сепкен.

Ей, махаббат, сен неткен жыландайсың,
Жылы сөзге ініңнен шығардайсың.
Бос әурелік махаббатқа әншейін от боп,
Шын ғашықты көре алмай кеп шағардайсың.

Махаббат, от секілді жанып тұрған,
Өзіңе жақындаудың өзі арман.
Жалының неткен қатал ыстық еді,
Өртеніп өн бойыңды ыза қуған.

Махаббат - сая болған жанға жақын,
Өзің жайлы жырламаған бар ма ақын.
Сен жайында тақырыптар өшпес, сірә!
Болса да, бар әлемде заман - ақыр.

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...