Эссе және өлең-жыр байқауы

Қайран менің қазақ тілім.

Дейміз біз, қазақ деген тіліміз бар,
Мұсылман деген мынау дініміз бар.
Дініміз мәңгі жасап өрлей берер,
Ал, тілім өрлеуіне күмәнім бар.

Дейміз біз, қазақ деген тіліміз бар,
Десек те, тіліміздің ауқымы тар.
Жерімді орыс деген тіл қаптауда,
Барлығын қазақ қылар не амал бар?!

Орыс тілін білмегенге ұят дейміз,
Орысша сөйлегенге бас изейміз.
Қазақстанда тұрып жатқан бар орысқа,
"Қазақ тілін неге білмейсің сен?"-демейміз.

Орысша сөйлей алмаса күлеміз кеп,
Күлеміз, сол байғұсқа мамбетка деп.
Күлген қазақ намыс барма жүрегіңде?!
Болмайма қазақ тіліңе тигізсең сеп.

Орыс келсе ортамызға баршамыздың,
Орысша сөйлеу, жеткені сол миымыздың.
Орысша сөйлеу соншалықты мақтанышпа,
Қазағым неге сонша намыссызсың.

Орыс тілін білмегенге неге ұялдың?
Қысыласың, қымтырылып сонша қиналасың.
Сен емес ұялатын өз жеріңде,
Қазақ тілін білмегенге ол ұялсын.

Қазақпын деп алып - ұшу керегі не?!
Аузын ашса қазақтың бір сөзін білмесе.
Қазақпын деген сөздің не мәні?!
Нағыз қазақ өзі орысша кеп сөйлесе.

Әттең, тілім, неге мұндай күйге түстің?!
Болдың - ау, көлеңкедей еленбейтін.
Күтейік, үмітпенен болашақта,
Қазақ тілім мəңгіге гүлдер мүмкін.....

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...