Эссе және өлең-жыр байқауы

Өмір өзен

Өмір, өмір өтіп жатыр зымырап,
Өткен күндер аралары тым ұзарып.
Сағым болып қалар анаа...у әдемі күн,
Қартаямыз атқан сайын күн жаңарып.

Жаз ғой, міне, келіп тұрған ыстық күнге,
Батырып нұрын төгер анааау күнге.
Жусандар- аңқып шіркін бұрқыратса,
Көз жауын ап қызғалдақтар тұрар төрде.

Жаз да өтті, келді, міне, күзде таяп,
Батады ғой күн көңілсіз көкті аяп.
Туған елмен қоштасып құстар кетер,
Жапырағымен де ағаштар некен-саяқ.

Күзден кейін қыста келер желіктіріп,
Бастап салар күзді өзіне еліктіріп.
Төсеп жерге ақ көрпесін дымқылдатқан,
Жол берместен күн уақытынан кешіктіріп.

Көктем келер бәйшешектер бүр жарып,
Көк те шығар жасыл желекке боялып.
Бүршік жарып ағаштар да сәнденеді,
Әндетсе кеп кұстар анау жадыратып.

Білмеймін әлі, өңім бе, әлде түсім бе...
Мына өмір де өмір сүріп жүрмін бе?!
Бір күннен соң екінші күн ілесіп,
Көзді ашып жұмғанша тез өтуде...

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...