Эссе және өлең-жыр байқауы

Міне, біз, қазақпыз біз!

Міне, біз, қазақпыз біз, азатпыз біз,
Салып кеткен қанша батыр азаттық із.
Кеудесінде жалындаған оты бар,
Бар әлем тани тұғын гажаппыз біз.

Қазақпыз біз, құлашын кеңге жайған,
Гажаппыз біз, сол құлашты төрге қойған.
Арыстанбыз, алыппыз, міне, қазақ...
Азияның ортасына орын қойған.

Демеңдер, қазақ елінде ештеңе жоқ,
Таулары, өзендері, көлдері жоқ.
Көзіңді аш, кара қазақ даласына,
Әлемдегі барлық нәрсе біздерде көп.

Туымыз бар көк аспанда желбіреген,
Қыран бүркіт, оюыңмен бейнеленген.
Елтаңбамыз ел бірлігін қуаттаса,
Әнұраны бүкіл әлемде орны төрден.

Таусылмас ынтымағы бір жарасқан,
Барша жұрт құшағынан орын алған.
Ел байлығы ынтымақ пен бірлік болса,
Жер байлығы алтын менен кенге толған.

Қанша жыл қиындықты көріп келдің,
Сеніп келдің , болашаққа үміттендің.
Жетер енді, сен мәңгі азат, тәуелсізсің,
Тәуелсізсің, тәуелсіз, тәуелсізсің...

Тәуелсіздік тұғырың мәңгі болып,
Қазағым, өркендей бер, өсе бергің!!!

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...