Өлең, жыр, ақындар

Өгіз бен бақа

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 18
  • 80038
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен
Сол көлдің бақасының арасында.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:
«Өгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -
Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпында қараң менен формың», - деді.
Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа.
Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты.



Пікірлер (18)

Айлуна

Керемет

зарина

Ахмет Байтұрсын ұлы менің сүйікті авторым сондықтан маган өте катты ұнады

Нұрбек

Сөзі көп, бірақ ұнады.керемет.

Амина

Маған өте ұнады

Лаура

Керемет

Елжас

Ахмет атанын олендеры адамга оух Жигер береды

АЙЗЕРЕ

тамаша

Жадыра

Тамаша

Ұлжан

маған қатты ұнады

Эрика

Классно! Читала и поняла сразу смысл

Джексон

Өте кушті

жансая

керемет

Нурай А

Өте тамша керемет маған қатты ұнады

Ақниет

Мағыналы өлең.Маған қатты ұнады.

Жұлдызай

Ахмет Байтұрсынұлының 40 мысалы қатты ұнады

Дидар

Ахмет Байтұрсынұлының Өгіз бен бақа аты шығармасы өте мағыналы екен

Бекзат

Ахмет Байтұрсынұлының Өгіз бен бақа өлеңі супер

Пікір қалдырыңыз

Малшы мен маса

  • 1
  • 11

Бір Малшы көлеңкеге келіп жатып,
Қасқырдан иттеріне сеніп жатып,
Үстінде көк шалғынның,
самал жерде тырайып қалды

Толық

Жарлы бай

  • 1
  • 3

Бір күні Жарлы отырып ойға қалды,
Байларға кейбір сараң көзін салды.
«Ішіп-жеді, рақатын көрмеген соң,
Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды?

Толық

Қа... қаласына

  • 2
  • 2

Қош! Сау бол, Қа.... жуылмаған,
Айдай бер, қалса адамың қуылмаған.
Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.

Толық

Қарап көріңіз