Эссе және өлең-жыр байқауы

Әке ақылы

  • admin
  • 05.10.2019
  • 0
  • 0
  • 73
Өзгені өзіңнен еш кем санама,
Кетейін кескініңнен мен садаға.
Үлкенге иіл, кішіні ренжітпе,
Ақылмен жол таба біл сен санаңа.

Аяма қолдан келсе қайырыңды,
Ойлама аққуларды айыруды.
Көлбеген қандай сұлу көл еркесі,
Біл содан әсемдікті сай ұғуды.

Адал бол досың менен жолдасыңа,
Бір жүрсең, ұсын оны жолбасыға.
Ойнасын, еркелесін, айтқанын қыл,
Ұқсасын сен тұрғанда қолбасыға.

Өмірде жақсылық іс жоғалмайды,
Болмады деп жемей-ақ қой оған қайғы.
Бір күні жақсылығың алдан шығар,
Жоғалтқан малыңдай-ақ тоғайдағы.

Кісінің зейін қойып сөзін тыңда,
Ұғып ал, ұнамдысын құйып миға.
Асыл сөз алтыннан да қымбаттырақ,
Ақыры шықпай қалмас шырқау шыңға.

Талпын да талаптанып, өнер үйрен,
Өнерлі – өрге жүзер деген бірден.
Халықтың ардақтысы өнерлі жан,
Шаттықпен достары көп бірге жүрген.

Алғыс ал үлкендерден, жаспын деме,
Ұлық тұт, басыңды иіп сәлем бер де.
Қашанда әдептінің бағасы артық,
Бұрқырап сәл тойғанға маспын деме.

Білім ал елге қызмет ететіндей,
Ұсынсаң қолың көкке жететіндей.
Бар істің жөнін біліп, мәнін шешіп,
Қиыннан қысылмай-ақ өтетіндей.

Жақсының жанына еріп жанасқайсың,
Жаманнан өзіңді онда аластайсың.
Өмірдің қиын-қыстау, тар жол, тайғақ
Жолынан неше түрлі адаспайсың.

Байтаққа бас болмадым деме, балам,
Болмасын дүниеге кеуілің алаң.
Адамдық қасиетің болса ойда,
Боларсың азаматы елге ұнаған.

Бағасы азаматтың – адамдықта,
Атағы арамзаның – жамандықта.
Тартып тұр таразыға салмағыңды,
Белгілі кім екенің халайыққа.

Мас болып сәл бақытқа талтаңдама,
Жұмыстан қорқып бұғып, жалтаңдама.
Аруды аққу сынды жанға балап,
Байтақтың базарынан ал, таңда да.

Өмір кеш тату болып шырын-балдай,
Бірге жүр бірің кетіп, бірің қалмай.
Кешікпей торсық шеке ұлды болсаң,
Тұратын иіскегенде мейірің қанбай.

Отырсақ шал-кемпір боп біздер сонда,
Ой тастап өткен-кеткен сүрлеу жолға.
Риза біз сендерге болар едік,
Өсиет айтқанымның орны толса.

Балдарым, қолдан келсе, ақылымды ал,
Болмасын ойың шолақ, ақылың дал.
Таза жүр, әдепті бол, көпті сыйла,
Әкеңнің сөзін екшеп, асылын ал.

Басқа да өлеңдері

Аранды қыр

  • 0
  • 0

Ыстықсың, туған жерім – Аранды қыр,
Көргенше сағынамын қараңды бір.
Көз тоймас көктемдегі келбетіңді
Кестелеп жаза алмадым жарамды жыр.

Толық

Ұстазым қымбат бәрінен

  • 0
  • 0

Сырласқан жаспен, кәрімен,
Сыйласқан жұрттың бәрімен,
Сөйлеген сөзді жәйімен –
Ұстазым қымбат бәрінен.

Толық

Анамен әсем бәрі де

  • 0
  • 0

Ойында мейірім ақ тілек,
Бойында ақ сүт, тәтті леп.
Анадай пейіл қайда бар,
Бәріне тұрған бақ тілеп.

Толық


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...