Өлең, жыр, ақындар

Қадірін сөздің сақтадым

  • 05.10.2019
  • 0
  • 0
  • 1201
Талаптың мініп жүйрігін,
Күндіз-түн тыным таппадым.
Мәпелеп сөздің сүйрігін,
Өсіріп оймен баптадым.

Сөз гауһарын сән көріп,
Жарқылдатып қаптадым.
Күміспенен көмкеріп,
Алтынменен аптадым.

Сөз маржаны тереңде,
Тереңге қиял саптадым.
Еліме елеп беруге,
Жараса болды тапқаным.

Еркелеп елік тұрса да,
Еліріп сөзді атпадым.
Үзіліп мойнын бұрса да,
Қадірін сөздің сақтадым.

Ашу қысып буса да,
Дайын сөзді айтпадым.
Ақымақ сөгіп ұрса да,
Сөзімді босқа шатпадым.

Адалдық үшін әрқашан,
Тура сөйлеп қайтпадым.
Ризамын оған шаршасам,
Орындалса айтқаным.

Іздедім сөзді, жинадым,
Табылса шашпай қаптадым.
Сөзден жыр елге сыйладым,
Бұйығып бұғып жатпадым.

Анамның сөзі ол ақ уыз,
Атаммен ұйып тілдескен.
Қаныма сіңген сол нағыз,
Құдірет күшім бірге өскен.

Қор болма сөзім бостан-бос,
Жыр болып сайра елімде.
Тыңдаса ұйып дос пен дос,
Арманым осы менің де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анамен әсем бәрі де

  • 0
  • 0

Ойында мейірім ақ тілек,
Бойында ақ сүт, тәтті леп.
Анадай пейіл қайда бар,
Бәріне тұрған бақ тілеп.

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Байсалды, жомарт жүрек әкем едің,
Өсірдің өз қолыңмен мәпеледің.
Қадірің өткенінде кей кездерде,
Еске алып қайта-қайта әке дедім.

Толық

Сарытөбе

  • 0
  • 0

Атамның қонысы Сарытөбе,
Әр жерде де бар төбе.
Ең қымбат жер мен үшін,
Асқақ, ұлы мәртебе.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер