Өлең, жыр, ақындар

Қиын күннен жарқын болашаққа қадам

Биік таудың шыңында бір бәйтерек жайнайды,
Талай жанның арманына сол бәйтерек айналды.
Сол арманның жолында талай адам мерт болды,
Болашақ үшін күресіп бабаларға серт берді.
Осы серттің маңызы еркін болу алдымен,
Талай боздақ күресті бар тәнімен жанымен.
Мөлдір сулы Сырдария өзенінің ағыны,
Боялды сан рет намысты ердің ерлік еткен қанымен.
Бұл өмір неткен қатыгез еді қиды ау өмірін жас жанның,
Қиналу менен өтті ау өмірі қас пен көздей қас-қағым.
Батыстық жаулар қахарын төгіп аямады ешкімді,
Ақ шашты ана сәби демей аяусыз қырды қарттарын.
Мыңда тоғыз жүз қырық бір менен қырық бестердің арасы,
Бұл жылдың ауыр қазақ жанына тереңнен салған жарасы.
Талай жауларға дәлелдеп едік қазақтың кім екенін,
Рейхстагқа ту тіккен еді себебі қазақ баласы.
Мәскеу түбі үшін болған шайқастың болды біраз азабы,
Ленинградтық өренім деп Жамбыл атам жазады.
Ел үшін болған,жер үшін болған қанды бұл қырғын шайқаста,
Қазақтың талай батыр жастары ерлікпен қаза табады.
Ғабдуллин мен Тоқтаров - батырлары қазақтың,
Момышұлы Бауыржан нағыз өзі ғажаптың.
Жау тобына ұшақпен құлап ерлік көрсеткен батыр жан,
Бақтыораз Бейсекбаев атамызды мақтап жазамын.
Қасым Қайсенов ерлік көрсеткен нағыз мықты қаһарман,
Бегильдинов Талғаттай таппасбыз ұшқыш жаһаннан.
Атқан оқтары дәл тиген мерген Әлия менен Мәншүктің,
Даңқтары биік ,абыройлары асқақ қазақ елі үшін қашаннан.
Сексен алтыншы жыл,желтоқсан еді ашулы қазақ жастары,
Алаңға шығып айғайға салып,әлемді сілкіндіріп тастады.
Қиын күндерді басынан кешкен намысқой халық қазақтың,
Ертеңгі күні тәуелсіздікпен,азаттық пенен басталды.
Енді міне қара бұлт басқан көк аспан беті сейілді,
Қара түннен кейін арайын шашып ақ таң келетіні секілді.
Күн шашағын шашыратып елімнің байтақ жеріне,
Қазақ елім азаттық дәмін тереңнен ұғып сезінді.
Өз елінің даласында жая алмаған бүршігін,
Тәуелсіздік алған соң жайқалып салды жемісін.
Тау мен тасты паналап ұша алмаған биікке,
Қыран бүркіт қанатын жайып ұшты Ертіс,Есілін.
Тәуелсіздік Қазақстанға берді бір серпін жаңа леп,
"Көк туымыз" көк аспанға көтерілді желбіреп.
Қазақ елінің төлтаңбасы "Елтаңбасын" бекітіп,
"Әнұранын" қазақтың еліміз тыңдады елжіреп.
Қазақ елінің көшбасшысы Нұрсұлтан ата сайланды,
Астанамыздың,бас қаламыздың мерейлі тойы тойланды.
Талай елдердің қолы жетпеген қысқы Азия ойыны,
Алматы менен елордамыз Астана жерінде ойналды.
Екі мыңда он жетінші жылдың жазғы айлары,
Астананың маңайын шетелдіктер жайлады.
Бүкіл елдің алдында абыройлары асқақтап,
Қазақ елі ЭКСПО тойын думандатып тойлады.
Талай елдің алдында абыройлымыз біз бүгін,
Алмағайып заманда алып шыққан теңдігін.
Желтоқсанның жастарындай көтерілген ерлікпен,
Қандай жастар көрсетіп ед дәл қазақтай ерлігін.
Бүгін міне жарты әлемге анық болды атымыз,
Атымызға сай келеді қазақ деген затымыз.
Талай қиын күндерді кешседағы басынан,
Еш нәрсеге дес бермей алға жүрді халқымыз.
Аталарының алтын жолымен тәрбиелеген жастарын,
Құдайдай сыйлап құрметтеген қасында жүрген достарын.
Алтай мен Каспий арасындағы сұлу да көркем , кең байтақ.
Бұл менің жерім, бұл менің өлкем,бұл менің Қазақстаным.
Талай ақындар бас иген сұлу қазақтың сұлу жеріне,
Төзімі мен шыдамы мол,қонақжай ,
жайсаң еліне.
Қиын күндерден болашаққа деген қадамымыз жайлы айтқанда,
Менің де жырым жүрекке сыймай ағылды сыртқа төгіле.
Еліміз біледі азат күндердің,тәуелсіздіктің қадірін,
Дегенмен енді аша алмаймыз мерт болған қазақ қабірін.
Болашаққа деген сеніммен,болашаққа деген үмітпен,
Қайталамас деп сенейік бұрынғы қазақ тағдырын.
Ұзақ болсын елім мәңгі өшпес,тарихың менен ғұмырың.



Пікірлер (1)

Bts234

Көп болса да оқып,бағасын беріңіздер????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз