Өлең, жыр, ақындар

Асыл анам!

Көңілің пәс қабағында мұң басым,
Жас балаша жаутаң қарап тұрасың.
Жүрек сыздап, жаныңды жеп барады.
Неге сонша уайымшыл боп барасың?
Бар өмірді бізге арнап келесің,
Өмір жүйткіп, келеді сүйреп арбасын.
Жыламашы, жыламашы, анашым,
Күннен- күнге шүмпиіп сен барасың.
Күлімдеші көздеріңнен күн күлсін,
Бақыт біздің төбемізден қарасын.
Көңіліне кірбің салсам кей күні,
Аллам маған берсін деймін жазасын.
Өкпе, назда қарайтады жүректі,
Көктем келіп көңіліме гүл екті.
Бүгінгі күн мейрамыңыз құтты боп,
Қабыл етсін, Аллам арман тілекті.
Көздерінен көріп мейрім шуағын,
Бақыт мені бесігімен тербетті.
Мен баламын құшағында анамның,
Келші анам еркелеп бір алайын.
Мейрімді көздеріңе қарап мен,
Бар бақыттың кілтін анам табайын.
Мейрамыңа жырымды оқып берейін,
Одан артық қандай сыйлық табайын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз