Өлең, жыр, ақындар

Мен оқушы баласымын

Талпынып,білім шыңына оның шығам деп,
Сүйсініп тыңдап,ұстаздың сөзін ұғам деп.
Мен оқушы баласымын ұлы елімнің,
Тереңнен оқыр,біліммен мыңды жығам деп.

Жағалап жырды,кітаппен таңын атырар,
Тарихты толғап,көненің бетін сапырар.
Мен оқушы баласымын халқымның,
Ертеңі елдің,ұлы мақсатқа ұмтылар.

Ертеңгі күнге мол сеніммен қарайтын,
Мақсаты нық боп,білімге қадам санайтын.
Мен оқушы баласымын қазақтың,
Жоспары анық,арманы асқақ,жолы айқын.



Пікірлер (1)

Модератор

- авторы өзім - деген жазудың үстіне басу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз