Өлең, жыр, ақындар

Тартынбай сөйлер асылмын

Елесі болған ғасырдың,
Бабаның рухын асырдым.
Махамбет барда мен қашан,
Дұшпанға барып бас ұрдым.
Өрлігіменен,ерлігін,
Бабамның неге жасырдым.
Теңдігімді алып тәуелсіз,
Түленіп шығып көсілдім.
Ұлтым деген ұлды айтып,
Ұлыда жырмен есілдім.
Шерменде кеткен шежіре,
Шешендерді айтып шешілдім.
Санамнан ойлар сарқылмас,
Толқынындай Есілдің.
Болашағым баянды,
Жарқындық нұры сезілдім.
Болашақты ойлап Махамбет,
Тар жерде,таңда көз ілдің.
Досым деген дұшпанның,
Айласын таңдыр асырдың.
Қапыда кетіп қайран ел,
Жалының жанбай басылдың.
Сен аңсаған азат күн,
Түріліп түндік ашылдың.
Ақ таңы атып азаттық,
Ақ шашуы шашылдың.
Жалғасымын бүгіндер,
Қайтпайтын қайсар қас ұлдың.
Махамбеттің рухы,
Ұлтыма күш боп қосылдың.
Осындай заман туғанда,
Демеймін неге тосылдым.
Алуан алуан жүйріктің,
Қатарына қосылдым.
Бабаларды айтып мақтанған,
Тартынбай сөйлер асылмын.



Пікірлер (1)

Гульден

Әдемі жазылған екен!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз