Өлең, жыр, ақындар

Қара бұлт

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 2
  • 9
  • 55855
Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен
Бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар «я, Құдайлап!»,
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды халық үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.
Теңізге пәрменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге!
Не қайыр қазір сенің жауғаныңнан,
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде!»

* * *
Жиылып кеңес тындап отырғандар,
Ғибрат мұнан да бар алсаңыздар.
Бұлттай жерге жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орынға мал, өнерін
Біреулер жүреді, оған не амал бар?!
Мысалы, қазақ - дала, орыс - теңіз,
Даланы, шама келсе, көгертіңіз.
Мұң десең, мұқтаж десең - қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?
Мақал бар: «Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, - деген, - досқа істеңіз».
Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл таста, ақыл жаста.
Қарышта өз жұртыңа, барың болса,
өзге елдің өзінде көп бізден басқа.



Пікірлер (9)

сәулеш

Мен бұл өлеңді термеші Бауыржанның орындауында алғаш есітіп, кереметтей күйге түстім. Қазіргі заман ағымына сай, ғибрат аларлық екен

Маруа

Мəə мнау киын гооойй

дархан

қиын екен

аида

киын

Радина

Өте керемет билетке көмегі зор екен маған ұнады ❤

Заңғар

Жаман қиын ғо

Алмас

Ахмет Байтұрсынұлы мықты тұлға, өлеңдері де мықты, жаттау қиын емес оңай, көп та емес, мағынасы да мықты

Дони

Мықты ақын, бүгінгі заманға да жарамды сөздері

Назым

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Ала қойлар

  • 0
  • 2

Айырсын аңдар қайдан қара, ақты,
Кімі ақ, кімі қара - таба алмапты.
Жоспарлап білмегенді білдіруге,
Сөз қылып данышпандар мысалдапты.

Толық

Жазушының қанағаты

  • 1
  • 4

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Толық

Есек пен үкі

  • 1
  • 3

Үркектеу, үйір емес онша қолға,
Бір Есек ұзақ сапар шықты жолға.
Есектің бойы тәуір болғанменен,
Есепте қосылмайды есі молға.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар