Өлең, жыр, ақындар

Ұстаздар күніне

Ұстаздар күніне....
Ұстаз ана ұлы есім расында,
Қарамайды қартыңада жасыңа.
Келіп тұрар кең білімді бергісі,
Үйіп төгіп бар баланың басына.
Әліппені үйретеді тер төгіп.
Шыңдаласың,үйренесің дер келіп.
Сенің арқаң аяулы ұстаз егерде,
Биік шықсақ,жүрсек егер жер көріп.
Білім менен тәрбиені саналы,
Беріп келдің алақаның аялы.
Мейіріммен пәк жүрекпен қарайсың,
Бар балаға құшағыңыз саялы.
Мейрамыңыз ұстаз бүгін сіздіңде,
Өсеріміз сіздің арқа біздіңде.
Ұзақ жасап,жүзге келсін жасыңыз,
Құттықтаймын қуанышпен мен күзде.
Арайланып ата берсін әр күнің.
Қуанышпен бата берсін әр түнің.
Айың туып жұлдыздарың жайнасын.
Мектебімнің жүрегісің-ән үнің.
Оқушыға орны бөлек дарасың,
Бұл өмірдің айырдың ақ- қарасын.
Балапан боп кіріп келген мектепке.
Таудай қылып шығаратын данасың.
Жүрегімнің төрін алған ҰСТАЗЫМ.
Өткізетін бала менен қыс жазын,
Мейрамыңыз құтты болсын алтыным,
Жаны жайсаң таудай тұлғам Ұстазым.






Пікірлер (3)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек .

Мамуржанова Зебо

Өте керемет өлеңдер
Маған Айнұр апайға арнап өлең шығарып беріңіздеші

Мамуржанова Зебо

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз