Эссе және өлең-жыр байқауы

Адалдықты ту еткен, жастармыз біз...

Адалдықты ту еткен, жастармыз біз...
Биылғы жыл – жастардың жылы, мәлім,
Жастарға қолдау білем жолдау барын.
Еліміздің алғашқы Президенті
Пайда қыл деп жастарға салды сарын.

Болашаққа нық қадам, биік саты,
«Рухани Жаңғыру» бар саясаты.
Кешегі руханият, кемелдерден
Санамызға салалы ой саяды.

Мен жастарға сенем деп Мағжан бабам,
Үндеу етті қолына алып қалам.
Борыш етіп адамдық, ғибрат қыл деп
Шәкәрімнің өлеңін ойға алам...

Қарап тұрсам еліме алаңдаймын,
Бей-жай тұрып жиекте қала алмаймын.
Кешегі баба, билер өсиеті
Қап қойғандай жиекте алаңқайдың.

Қоғам дерті күшейді пара деген,
Ауыр қылмыс қай десе, пара дер ем!
Әділетсіз «жеңіске» жеткендерге
Оқ көзіммен сұқтанып, қарай берем.
Жастарым, жиектемей жаман мекен,
«Жемқорлыққа жол жоқ!» деп айтса екен!
Оқудың еш күнінен қалмай, барып,
Дипломын өз күшімен алса екен.

Жұмысқа орналасып білімімен,
Абыройлы болсыншы маман, тіптен,
Адалдық жолын қуып өмір бойы
Астарын тапса екен адал іспен.

Беделі кетпей елдің ортасында,
Арам жол, жемқорлықтан болып ада,
Үйретсе екен деймін адалдықты
Баласының құйып ақ санасына.

Осы жолды жиектеп барлық маман,
Жолдан таймай келсінші басып қадам.
Қанағатшыл, еңбекқор, пейілі ақ
Елімізде болсыншы барлық адам!

Пара беріп, қабырға сыланбасын,
Зәулім үйлер биіктен құламасын.
Жеңдім деп заңның күшін парақорлар
Тайраңдап, жайқалмасын ұлан асыр.

Дәрігер пайда ойламай, ар ойласын,
Науқасқа ем-дом жасап, қарайласын.
Әділ жолды тәртіптің сақшылары
Қарайлап жүрсін әділ заң айнасын.

Осындай тілегім бар еліме шын,
Еңсесі биік елім иінбесін.
Жол бермей жемқорлыққа, тура жолмен
Жастарым өрге өрлеп биіктесін!

Тура жолда салдық біз астарлы із,
Келешекте қалсын деп ғибратты іс.
Даңғыл жолдың иесі, ел ертеңі –
Адалдықты ту еткен, жастармыз біз!



Басқа да өлеңдері

«You are my pride»

  • 0
  • 0

You are in beauty, like the star,
You shine like Venus on a far,
As young and charming girl you like
Your name is written in my life.

Толық


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек тырнақшасыз болу керек. Кері жағдайда сайысқа түспейді.

Автор деген жері бос қалып, - авторы өзім - деген белгі басылу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...