Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілі – қазына тіл

Әлдилеген ана тілмен тал бесіктен анашым,
Бала шақтан ұғып өстік туған тілдің бағасын.
Өзге тілде сөйлегенше, өз тіліңнің құнын біл,
Алпыс тілге тати алар білсең шарық-шамасын.

Қазақ тілі – ұлт тудырған даналардың анасы,
Қара сөзге дес бермеген Абай, Ахмет баласы.
Ана тілді өзге тілмен айырбастап жүргенде,
Туған тілдің сейілер ме жүректегі жарасы?

О, ағайын, білсең егер туған тілдің қадірін,
Білсең егер айырбастап жүрер ме едің ақ үнің?
«Тілі өлген ел – тірі өлген ел» деген нақыл бар екен,
Бабалардан қалған сөзден алайықшы тағылым.

Өзге тілде тірлік жасап қаншама жыл күн кештік,
Көше, дүкен, кездесуде өзге тілде тілдестік.
Халқымызды бір шаңырақ аясына жиятын,
Ол күш-қуат біле білсек, ұлттық тілдік бірлестік.

Қазақ тілім – рухы биік, көңілі кең қарт бабам,
Бізге жеткен заман асып, зұлмат, қиын шақтардан.
Сан ғасырдың шежіре тіл шырын сөзін жинаған,
Қазақ тілі бұл – қазына, жүректерде сақталған.



Пікірлер (2)

Модератор

Авторы өзім дегенді басу керек.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз