Эссе және өлең-жыр байқауы

Мен - қазақпын!

Мен - қыранмын, ұрпағымын бөрінің,
Мен - қазақпын, төрткүл дүние көгімін.
Қазыналы тұма тарих қоймасы,
Даналардың домбырасы - серігім.
Мен - қазақпын, Алатаумын, асқармын,
Тәуелсізбін, өзімді- өзім басқардым.
Қорықпадым Ескендірден, Кирден де,
Тек ата-әке мінезінен жасқандым.
Мен - дастанмын, ерлік жыры бітпейтін,
Ісі үшін атақ - даңқты күтпейтін.
Мен - жас қыран, жалыным бар жалмаған,
Өз- өзіне ұлы арман жүктейтін.
Ән-анамын бала-әлемді тербеткен,
Дина, Мұхит күйін тыңдап ер жеткем.
Ұя салған қарлығаш күй жүректе,
Әміремін Парижді әнмен тербеткем.
Абаймын мен, кемел ойлы данамын,
Фарабимін, Азияда дарамын.
Низамидей дана кісі айтқандай:
"Сен жанбасаң, мен от болып жанамын".
Димашпын мен, кең әлемге танылғам,
Өнерімен шамшырақ боп жағылған.
Жанармын мен, ізіменен бабаның
Түріквижінде дауысымен танылған.
Мен - қазақпын, бүркіт көзді баламын,
Жетімге ана, жесірге үй, панамын.
Мен секілді ізде, шарла таппайсың,
Еуразияның кіндігінде ғанамын.


Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...