Өлең, жыр, ақындар

Шымшық пен көгершін

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 2
  • 38570
Бір Шымшық торға түсті соры қайнап,
Барды ма, кім біледі, ажал айдап.
Бәлені қаза менен қайда деме,
Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап.
Жанына жас Көгершін ұшып келді:
«Не қара басты торға түсіп? - деді. -
Тал түсте торды көрмей, соқыр ма едің,
Есалаң, ақылың жоқ, күшік, - деді. -
Түсер ме есі дұрыс күндіз торға,
Ақылың жоқтығынан қалдың сорға.
Мысалы, мені алдап еш уақытта,
Тор түгіл, түсіре алмас онан зорға.
Кім күлмес бостығыңа сен жаманның,
Алдырған айласына бір наданның.
Мен саған қол берейін түспесіме,
Амалы саған ғана мол адамның».
Десе де: «Ақыл серік қонған баққа»,
Ем болмас баста бағың таяр шақта.
Пысықсып Көгершінім отырғанда,
Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.
- Ақылың қайда кетті, данышпаным,
Серт етіп түспеске қол алысқаның?
Біреуге күлсең - келер өз басыңа,
Табалап мұнан былай күлме, жаным!
Біреуді білмес адам табалайды,
Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды.
Ісіңнен бір істеген жазым тапсаң,
Болды деп білмегеннен шамалайды.
«Жазмыштан озмыш болмас» деген сөзді
Бекер деп пікір ету жарамайды.
«Алланың адам басы - добы» деген,
Қуса да қалай қарай домалайды.



Пікірлер (2)

Канатбек Айару

Оте Тамаша.

Бір Шымшық торға түсті соры қайнап, Барды ма, кім

Нгугууг мен на на на на дауыл

Пікір қалдырыңыз

Сорлы болған мұжық

  • 1
  • 1

Болған соң кәсібі ұрлық, ұры залым
Ұрлауға ұят дей ме жұрттың малын?
Ойы арам, қаны қара, ол нағылсын,
Біреуді зар жылатпақ, зор обалын!

Толық

Өзен мен Қарасу

  • 1
  • 3

Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның!
Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным?
Тасисың бірде кеме, бірде салдар,
Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын.

Толық

Туысыма

  • 1
  • 2

Болармын нағып ырза туысыма?
Туыппын таршылықтың уысында.
Шамам жоқ жан-жағыма қол сөзарлық,
Тар көрдің тығылғандай қуысына.

Толық

Қарап көріңіз