Өлең, жыр, ақындар

Өлең мен ақын

Өлең үшін, жүре алмаймын әдепті боп,
Өлең үшін,оқымаймын газетті көп.

Ойыма оралғанды түртіп өтем.
Тақырып іздеудің де қажеті жоқ.

Кей адамдар түсінбейді ақындарды,
Жырлау үшін жаралған деп
қыз баласын.

Құла көңіл құлазып құзда қалсын.
Ақын деген-шабыттан жаратылған ,

Ішінде не жатқанын біле алмассың.
Шымыр дауыс шығатын шатағынан,

Көңіл-күйін білдіретін қабағынан.
Нағыз ақын меніңше сол болады,

Өлеңін артық қойған атағынан.
Өлең деген- шын атом мың атылмас,

Өлең деген-ауырып сынатын бас.
Өлең деген-көзіңнен шығатын жас.

Өлең деген-жан дүниеңді ұғындырар,
Өлең деген-тәкәпарды жығылдырар.

Сондықтан,қайнама қазақ халқым,
Қара өлеңнің қасиетін ұғыныңдар.



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар. Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жыр алыбы Жамбылым

  • 0
  • 1

Заман сырын жырлаған Жамбыл бабам,
Әз бабаның жырымен жаңғыр далам.
Әр айтқаны бабамның шыңға бастар,
Алыптардың соқпағы даңғыл маған.

Толық

Қарап көріңіз