Эссе және өлең-жыр байқауы

Қайран, жаным, қайда кетті қазақ қызы?

Қайран, жаным, қайда кетті қазақ қызы?
Иманды, қазағымның бұрымдысы.
Қазағымның инабатты,ибалысы,
Олардан қалғаны тек санаулысы.

Сұлулығын арнаған тек еріне.
Адалдығымен сыйлы болған еліне.
Ұзын киіп көрсетпеген әуретін,
Ұятқа қалдырмаған әулетін.

Заман әлде адам ба өзгергені?
Қазақ қызы теңтіреп, безергені.
Қысқа етек киіп алып көшеде,
Қыдырады тас қараңғы түндерде.

Есті қыз етегін қымтап ұстар,
Осындай болу керек қазақ қыздар.
Көкірегін,етегін жапқан сұлу,
Иманды бір жігіттін жары болар.

Темекі,ішімдікке салынып,
Кетті кейбір қазақ қызы қорланып.
Қазіргі қазағымның қыздары
Неге сонша өзгеріп-ақ қалғаны?

Кәмелетке толмай жатып бұзылат.
Қыздар ау, қайда кетті қазір ұят?
Осы жазған өлеңімнің сөзіңе
Кейбір қыздар сынап айтар әңгіме.

Кейде жылап тәңіріме жалынам,
Менің қызым ұқсамайсыңш осыған.
ИншаАллах қазақ қызын өсіріп,
Иманды қазағымның жары болам.

Күресуге заманмен келмес шамам.
Қияметтің белгісі де шығар бұлар.
Барлығымен күресуге тырыспай,
Ең алдымен мен өзімді дұрыстайм.

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...