Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынұлына арнау

Өміріңнің өткелін де өткердің,
Болашағы зор , мына байтақ текті елдің.
Тумысынан жігерлі еді,өр еді,
Әр қазаққа үлгі етер ер еді.
Жастайынан қиыншылық көп көрген,
Өл-өлгенше "Қазағым" деп сес берген.
Табиғатынан дарынды туған бала еді,
О,Тәңірім ,неге мұнша көп көрген?!
Ой әлемін тербетіп,толқытады,
Оның әрбір өлеңі,туындысы.
Жаныңды кейде жылатады ,
Оның өмірінің қиындысы.
Он үшінде әкесінен айырылған,
Жетім құстай қанаты оның қайырылған.
Өр Ахмет абақтыда қор болды,
Таң нәсібін бір көруге зар болды.
Мақсат,мұрат бәрі де,
Ойран болды,қор болды.
Жас баласы,кәрінде,
Іштей ыза,кек болды.
Тар қапаста тарылды ғой тынысы,
Оған шипа ем болар ма ауасы.
Жала жауып абақтының төрінде
Жатыр енді мына қазақ баласы!
Қарсы шығып патшаға да,ханға да,
Өз жұртын жақтағаны ол күнә ма?!
Қанша жаза,қанша ыза келсе де,
Ондай арыс өкініп , "Аh" ұра ма?
Абақтыдан босатылған жылдары,
Халқының мұң-шерін қосып жырлады.
Алаш қозғалысы тұсында-
Белең алып жаңа өткел қырлары.
Соны өріс іздегені айып па?
Ойламаған жала келді ғайыптан.
Әділетсіздік белең алып тағы да,
Қайта ұсталды ,азап шегіп тарлықтан.
Мың тоғыз жүз отыз жетінші жыл.
Репрессияға ұшырап-
Атылып кетті жастай ол.
Жаны өлседе ақынның-
Заты өлмесін "Ахмет"деген атыңның!





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз