Өлең, жыр, ақындар

Сен – шабыт, мен - өлең

Сен – аспансың, мен – жұлдыз,
Еркелеймін құшағында.
Сен – даласың, мен – бір құс,
Көтерілем сонау шыңға

Сен – ағашсың, мен көлеңкең,
Асып сенен қайда барам.
Сен – шабытсың, мен - өлең,
Жыр әлемінде пана табам.

Сен – бассың, мен – мойын,
Өзге жаққа енді бұрылман.
Сен – болатсың, мен – шойын,
Қалайы болып құйылған.

Сен – керегесің, мен – уық,
Жүрейік бір – бірімізді тірек қылып.
Сен –босаға, мен – есік,
Өмірде бірімізді демеп өтейік.

Сен – шаңырақ. мен – басқасы,
Жұбанышы сен көңілімнің.
Сен – тұзысың бір ас қасық,
Дәмін келтірер өмірімнің.



Пікірлер (3)

Arailymsyltanova90

Тамаша????????????

 

Rusus

шаришь

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз