Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан-Жастар жылы

Әлемде бар ҚАЗАҚ деген ұлы халық расында,
Сыйлап тұрар,демеп тұрар қарамайды жасыңа,
Сол азғана халық бүгін барша елге танымал,
Күші жетпес ешбір қараниеттілер жасында.
Жаратушы берді бізге ең шұрайлы жерімді,
Жастар біздер қорғасындеп мына ғажап елімді.
Келер ұрпақ көрсін деді біз көрмеген жақсыны,
Ата -бабам тастаған жер ең асыл боп көрінді.
Отанымыз Қазақстан алтын ұям кең мекен,
Туғанымда әнге қосып анам бесік тербеген.
Сенің арқаң бейбіт күнді кешкенім,
Сенің арқаң көркейе бер жайнап тұршы гүлді өлкем.
Талай ұлтқа пана болған кең мекен,
Әндеріме арқау болған кең өлкем.
Сендік қуат тасып жатыр бойымда,
Сендеп қана мендік жүрек тербеген.
Астананың биік болған саулеті,
Жердің асты тасып тұнған даулеті.
Мұнайымен барша елге танымал,
Бар халыққа пана болған бауырмал.
Талай-талай қиындықты өткіздің сен басыңнан,
Сондадағы дастарханың дәмнен кетпес асыңнан.
Дос дұшпанға жайылғаны үнемі,
Жазылып тұр сонау ширек ғасырдан.
Тарихымыз батырлармен ақындармен толықты,
Жауға шапты елім деді әскерлермен жолықты.
Не бір шайқас болып өтті қасиетті жерімде,
Ішіндегі ең мықтысы біздің ҚАЗАҚ болыпты.
Қазақ елім тәуелсіздік алғанына қуанды,
Нұрсұлтандай дарынды ұлкеп халқым соған жұбанды.
Отыз жылдай еңбек етіп,гүлдендірді елімді,
Кетерінде облыс қылды біздің қала Тұранды.
Екі мыңда он тоғыздың көктемі,
Көктем келіп айналамыз көктеді.
«Жастар жылы» деп жариялап еліме,
Үміт,сенім жастардан тек күткені.
Алға қойған мақсаттар бар жеңетін,
Жастарымыз барлық іске көнетін.
Қазағымның барша азаматтары,
Батыр жандар,көктуды желбірететін.
Сайлау болып елімізде барша халық дүрлікті,
Не болар деп ойланды да қойып қойды тірлікті.
Алла қалап адал басшы жолығып,
Қолға алды талай -талай мәселемен бірлікті.
«Жастар-жылы» қолайлы боп қарапайым қазаққа,
Жастарымыз алып жатыр неше бағдарламада.
«Жас кәсіпкер»,Жас ақындар бәрі кілең жастар боп,
Ағыл -тегіл жастар келді «НҰР ӘЛЕМ»-дей сарайға.
Елдің жүгін арқалаған елім дейтін жастарым,
Ешқашанда еңкеймесін биік болсын бастарың.
Елімізде,Елбасыда сенім артты сендерге,
Уақыт деген зымырайды өтіп кетер қас-қағым.
Әр өңірден өнерлі жан өрендерім жиналды,
Барлығының білгірлігі ,шеберлігі сыналды.
Мақсат біреу-жұдырықтай жұмылып,
Көркейтеміз,өсіреміз деп жастарым сөз алды.
Үміт күтер халқым біздей мықты батыр ұл қыздан,
Сенер бізді теңеп отыр жарқыраған жұлдызға.
Сәуле шашып бар халыққа нұрымызды төгейік,
Бірімізге бірімізде қол қабысты берейік.
Аман болсын батыр біздің елін сүйген ұландар,
Қазақ үшін жан беретін мәңгі самғар қырандар.
Жақсы болсын Қазақстан көркейсінші мәңгілік,
Ата берсін жарқырасын күншығыстан таң күліп.



Пікірлер (5)

Асель

Айнұр керемет тек қана алға,биіктерден көріне бер.Сен ең жақсыға лайықтысың.

Асель

Айнұр сәттілік тілеймін. Тек қана жақсылыққа лайықтысың. АЛҒА

Модератор

Ілмекті тырнақшасыз қою керек. Өңдеу батырмасы арқылы жөндеп жіберуге болады.

Мапоқ

Өлең топ бірақ өте ұзақ және аз

Адина

Өтк жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер