Өлең, жыр, ақындар

Қойдым

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1278
– Арақты қойдым, бауырым.
– Мәнісін айтшы, ау, інім?
– Өйткені, арақ өлген ғой,
Өлетін кезге келген ғой.
– Табылмаса да тамағың,
Толып тұр емес пе арағың?
– Толғаны толып тұр-ау,
Бәрі самопал болып тұр-ау.
Арақ деген аты ғана,
Жасалатын затын қара:
Шарап дегенің шалап қана,
Қосылмайды санатқа да.
Коньяк дегенің жай ғана
Спирт қосылған шәй ғана.
Арақ дегенің су болып шығады,
Не у болып шығады.
Оны ішкен адам жатып қалады,
Не арам қатып қалады.
Оны ішіп өле қалғанша,
Қатыным көме салғанша,
Біраз жүре тұрайын,
Өмір сүре тұрайын.
Мүмкін, заман оңалар,
Самопалдар жоғалар.
Коньяк пенен бальзамдар,
Арақтар да арзандар.
Ішсем, сонда ішіп көрермін,
Өлсем, таза арақтан өлермін.
Қазірше қойдым,
Самопалға тойдым.
Осы ішкенім де жетеді,
Ішпесем, тіпті, не етеді?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетісудың қыздары-ай

  • 0
  • 0

Бақытты бай дала
Шабытты қайда да,
Жетісудың аймағы.
Бірі қант, бірі бал,

Толық

Бала мен жылан

  • 0
  • 0

Жылан балық аулап жүріп бала бір,
Зәресі ұшты ұстап алып Жыланды,
Боп-боз болып түрі де тез қуарды.
Жылан сонда оған жайлап қарады:

Толық

Өз қолыңда тағдырым

  • 0
  • 0

Әрбір сәтім алтын
Өзінменен өткен.
Жаймашуақ жарқын
Көңілім – гүл көктем.

Толық

Қарап көріңіз