Өлең, жыр, ақындар

Талас

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1434
Байқасаңдар, қарақтар,
«Талас» деген шарап бар.
Болса да арзан бағасы,
Артықша қызу шамасы.
Толқынды өзен Таластай
Ол да толқып жататын.
Кезек күтіп таласпай,
Қызығына ел бататын.
Құрып кетіп екі-үш жылға сол «Талас»,
Ішкіштерде басталды бір жанталас.
Бұл ниетті байқаған,
Сауда жағы қайтадан
Талас өзен тәрізді
«Таластарды» ағызды.
Ішкіштердің тасырлы
Айқай-шуы басылды.
Ал, Таластай өзеннің
Аты бар да, заты жоқ.
Қуаңшылық кезең бұл,
Қалды арнасы тақыр боп.
Талас түгел суалғанмен тартылып,
Жоқтаған жан болмады оны шарқ ұрып.
* * *
Қай жағында қалайын,
Пікір туса тайталас?
Айтыңдаршы, ағайын,
Қажеттісі қай Талас?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасырма

  • 0
  • 0

Жатыр ғой талай сыр
Сөзіңде сенің.
Қалайша қарайсың
Көзіме менің?

Толық

Алтын тісті арлан

  • 0
  • 0

Тілі мәлім талайға
Түлкі Арланды емдеді:
– Азу тісті қалайда
Алмастырған жөн, – деді.

Толық

Нашар оқушы

  • 0
  • 0

Оқушы түк білмесе,
Болар еді кім десе?
Ондайды біз қашан да
Жатқызамыз нашарға.

Толық

Қарап көріңіз